Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

ашып қараса, іші аппақ сүзбе сияқты бір нәрсеге толы екен. Тапқандар таңғалып, ақ затты құмырадан шығарған. Ауаға тиісімен әлгі зат қарая бастаған. Бұл құбылысты көрген колхозшылар табылған нәрсені қасиетті деп, құмыраны сындырып, өзара бөлісіп алған. Бір сынығын сол кездегі колхоздың бастығы Айтжан Әбішевке әкеп берген. Сол кісі арқылы бізге хабар жетіп, құмыра сынығын алған адамдарды аралап жүріп, түгел жинап алдық. Құмыра ішіндегі зат қап-қара болып смолаға айналып кеткен екен. Тек колхоз бастығы А. Әбішев алған бойда ағарған нәрсені шыныға салып, аузын бекітіп тастаған. Сәтін салғанда, сол алғашқы күйінде сақталып қалыпты.

      Әлгі ақ затты Алматы Зоотехникалық-мал дәрігерлік институтының органикалық және биологиялық химия кафедрасына анализге бердік. Осы кафедраның меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор А. Сейітовтің басшылығымен бұл зат лабораториялық жағдайда зерттеліп, құрамы толық анықталды. Анализ анықтағандай құмырадағы ақ нәрсе органикалық, табиғи зат болып шықты. Құрамында химиялық көміртегі, сутегі бар екені байқалды. Суда езілмейді, ал бензинде, хлорофомде жақсы езілетіні анықталды.Осы органикалық затта: 0,112 пайыз азот глицирин қалдықтары, органикалық қышқыл тотығының саны 150-ге тең, галогендердің құрамы жоқ, түсі ақ, ауада қараяды, иісі күшті, жеңіл, жұққыш келеді. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысында бұл құмыраға салынған сары майдың қалдығы болып шықты.

      Құмырадағы сары майдың үш метрге жуық тереңдікте, жер астында қанша уақыт жатқаны бізге белгісіз. Алайда, май салынған құмыра өзінің пішіні мен жасалу үлгісі бойынша Х-ХІІ ғасырларға тән. Бұл қорытынды оның ішіндегі сары майдың қанша уақыт сақталғанын болжауға мүмкіндік беруі тиіс.

      Сары майдың мұншалық ұзақ уақыт сақталуы – ғылымда сирек кездесетін оқиғалардың бірі. Көпшілікке мәлім, қанша сақтаса да, сары май бір жылдан соң-ақ өзінің алғашқы қасиеттерін жоя бастайтынын мамандар айтады. Бұл сары май сапалы дайындалған, таза құмыра ыдысқа салып, аузын мықтап бекітіп, ауа бармайтын тереңдікке көміп тастаған соң, май ғасырлар бойына жата берген сияқты. Кейбір тағамдарды ұзақ мерзімге сақтаудың жолдарын халықтар ертеден білген ғой. Біздің де бабаларымыз осы тәсілдерді ертеден тұрмыста жиі қолданып келген.

      Жоғарыда қысқаша келтірілген Ақтөбедегі көп жылдық археологиялық зерттеулердің нәтижесі тарихи Баласағұнның жасаған өмірін баяндайды. Цитадельден шахристаннан және рабадтан табылған заттай және рухани мәдениеттің қалдықтары біздің жыл санауымыз бойынша V-VІII ғасырларға жатады. IX- XII ғасырлар бойына түрік тайпасының ең үлкен астанасының бірі болған Баласағұн тарихи сахнадан шығып, оның орналасқан жері осы күнге дейін жұмбақ болып келе жатыр. Тарихи, археологиялық, этнографиялық деректерге қарағанда, әлемге әйгілі Баласағұн қаласы феодалдық, өзара соғыстардың салдарынан моңғолдар шапқыншылығы қарсаңында қираған болуы керек.

Әдебиеттер:

      1. Археологическая карта Казахстана. – Алматы, 1960. – С. 282-283.

      2. Кожемяко