Название | Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2014 |
isbn | 978-601-04-0507-3 |
Әуіздің оңтүстік шетіне цитадельге баратын құбыры орнатылып, оны әуіздегі суға жеткізіп, құбырдың шетін цемент сияқты қатып қалған сазбен сылаған, құбырдың шеткі аузын ашып-жабатындай етіп жасаған.
Осы жерден орталық құбырларға, цитадельге қарай өз екпінімен су жүретін болған. Әуізден шығысқа қарай жүргенде үлкен қоныстың орны болған биік төбе бар. Оның көлемі өте үлкен. Шамамен, 2-3 гектар жерді алып жатыр. 1968 жылы құрылысшылар Ақсу қоймасын саларда осы төбені ортасынан қақ жарып, канал қазған да бұл қонысты бульдозермен қиратып жіберген. Сол кезде осы қоныстың үстімен цитадельге тартылған құбырларды да бұзған. Соған қарағанда бұл қоныс қаланы билеушілердің орталық су жүйесін басқарған сенімді мұрабының қонысына ұқсайды. Бульдозердің қазған жерінен шашылып қалған қарахан дәуірінің теңгелері және әртүрлі бұйымдар табылды. Үзілген су құбырларының ұштары каналдың ішінде көрініп жатыр. Шығысқа, яғни цитадельге қарай жер астындағы су құбырларын қуалап қазғанда, мынадай жағдайларды байқадық: су құбырларын жердің астына салу үшін өте шеберлікпен, су өзінің екпінімен жүруге қолайластырып жерді қазған. Оның бас жағы 0,8 м тереңдікте болса, қашықтаған сайын канал ылдилай берген. Ашылған орталық су құбырларының ұзындығы 500 м болды. Осы қашықтықта салынған құбырлардың ылдилап баруын тексергенде, 100 м қашықтаған сайын 1 метрден ылдилай берген [9]. Яғни, су құбырларын салғанда ерте заманнан-ақ Орталық Азия жерлерінде жерасты жүргізілген су құбырларын құраудағы тәжірибені кең пайдаланып, инженерлік негізде жұмыс атқарылғанын байқау қиын емес.
Бұл су жүйелері қарахандар дәуірінде 3-4 қатар етіп салынған. Су жүретін қыш құбырлардың әрқайсысының ұзындығы 50-60 см; оның бір жағы кеңірек, екінші жағы тарлау. Кеңірек шеті 16- 20,5 см болса, тар жағы 10-15 см. Құбырының кеңірек шетіне тарлау жағын кигізіп, бір-бірімен жалғастырып, екі құбырдың байланысқан жерін сарғыш түсті балшықпен дәнекерлеген. Су құбырларын ашқанда, бірнеше рет қирап, жөнделгендігі байқалды. Мұны кездейсоқ жағдай деп қарауға болмайды. Себебі екі шеткі су құбырларының күшпен қирағаны көрініп тұр. Олай болса, орта ғасырда да бұл үлкен қала талай рет феодалдық өзара қақтығыстар кезінде қолдан-қолға өтіп тұрған. Ол заманда қалаға келген жау алдымен жердің үстіндегі, астындағы су жуйелерін істен шығаруға ұмтылған. Осындай кезде орталық жерасты су жүйелерін қиратып, кейін қайтадан жөндеген болуы