Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

реставрациялауға болады.

      Ақтөбе қаласының қай кезеңде салынғаны жөнінде бірнеше пікірлердің бар екенін жоғарыда атап өткенбіз. Бірақ бұл айтылған болжамдарды анықтау мақсатымен, ең алдымен, қаланың қай ғасырларда жасағанын білу үшін цитадельдің және шахристанның үстінен төмен қарай көлденең кесіп түсіп, табылған археологиялық заттарға сүйеніп, ескерткіштің өмір сүрген дәуірін анықтауға тура келеді. Ол үшін Ақтөбенің солтүстік-шығыс мұнарасының тұсынан жоғарыдан төмен қарай ені 7-8 м; тереңдігі 10-12, 5 м; ұзындығы 22 м көлемінде көлденең кесіп түсірілген. Бұл жұмыс үш жыл бойына созылды. Қазылған жер 22 қабатқа бөлінді. Кездескен заттар баспалдақ қабаттар бойынша есепке алынды. Қазба жұмысы цитадельдің жер табанына дейін жетті [6].

      Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде, цитадельдің көп қабаттан құралғаны анықталды. Оның сыртқы бекініс қабырғасы үш кезеңде салынған сияқты. Жерді тегістеп, топырағын нығыздап, оның үстіне 2 м биіктікте платформа (биіктеу алаң) соққан және еденінің ені 0,3 м келетін саз балшықтан салған. Оның үстіне 49x27x9 – 10; 50x27x9 – 10; 50x23x10 см мөлшердегі күйдірілмеген кірпіштерден цитадельдердің бекініс қабырғаларын тұрғызған. Бірінші кезеңге жататын жерден әртүрлі қыштан жасалған ыдыстар табылды (үлкенді-кішілі құмыралар, ыдыстар, шырақтар және т.б. бұйымдар). Бұл ыдыстардың барлығы үй тұрмысында қолданатын қолөнершілер жасаған бұйымдар. Олар Орталық Азиядағы Пенджикенттен, Қазақстандағы Отырар қаласынан табылған VII-VІII ғасырларға жататын қыш ыдыстарға ұқсас келетіні байқалады [6]. Олай болса, Ақтөбенің тұрғындары ертедегі орта ғасырда Орта Азия халықтарымен тығыз байланыста болған. Цитадельдің бесінші қабатының деңгейінен күл ішінен түргештердің VІІ-VІІІ ғасырларға жататын 5 мыс теңгесі табылды. Бұл теңгелердің үш тіс тәрізді шеттерінде белгілері бар. Бұрынғы орта ғасыр қалаларынан сирек болса да табылатын түріктердің теңгесінде ондай ерекшеліктер байқалмаған. Соған қарағанда, Ақтөбені өздерінің астанасы еткен түріктер, осы қалада ақшасын шығарған. Тарихта белгілі, біздің заманымыздың V-VІ ғасырларында Жетісу, Шу, Талас өңірлерінде Түргеш (Сарыүйсін) қағанаты жасаған [9]. 603 жылы түріктер Шығыс және Батыс болып екіге бөлінбестен бұрын да, бұл жерлерді түркі тілдес тайпалар да мекен еткен. Ал Ақтөбе Ұлы Жібек жолындағы қалалардың бірі болған.

      Мұнан кейінгі екінші кезеңде цитадельде үлкен құрылыс мысы жүргізіліп, бекініс қабырғаларының қалыңдығы 4 м-ге жетіп, оның биіктігі 7-8,5 м-ге биіктеген. Құрылыс жұмыстары цитадельдің кешенін толық қамтыған. Қоспасында, оның салу тәсілінде айтарлықтай өзгерістер болмаған. Қазылған қабаттан көптеген археологиялық дүниелер шықты: құмандар, құмыралар, қазан, жебе ұштары және басқа да бұйымдар бар. Бұл деректер Отырардан, Құланнан табылған заттарға ұқсас. Табылған археологиялық қазбаларға қарағанда, цитадельдегі екінші кезең VІІ-ІХ ғасырларға тура келеді. Осы ғасырларда түріктерге қарлұқтар билігін жүргізген. Дегенмен, түріктердің мәдениеті айтарлықтай өзгеріске ұшырамады,