Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

(Ақтөбеде) дер едім. Мәселен, осы қаланың маңындағы суару жүйесі егіншілік мәдениеттің жоғары дәрежеде дамығанын дәлелдейді.

      Ұзақ жылдар Баласағұнды зерттеуде су жүйелері туралы бірқанша деректер жиналды. Қала тұрғындарының күшімен ірі-ірі су жүйелерін салған. Солардың ең үлкені Дода, Қожай, Оразалы каналдары (тоғандары). Олар сол су жүйелерін қазған рулардың атымен аталған. Ұлы жүздің бұл руларының ұрпағы осы күнге дейін Баласағұн ауылшаруашылық бірлестігінде (бұрынғы Калинин колхозында) тұрады. Сол атаулардың қалғаны ертеден келе жатқан су жүйелері екендігіне дау жоқ.

      Дода каналы бастауын Ақсудың өрінен алып, қаланың оңтүстік-батыс жағын жағалап, аяғын Қарабалтаға құяды. Канал Ақтөбенің биік жағынан Бозжорға қыратының етегімен жүріп, Ақсудың сол жағынан Қарабалтаға дейінгі қоныстарды, қаланы сумен қамтамасыз еткен. Қала тұрғындары кіші су жүйелерін Дода тоғанынан алып, сол су жүйелері арқылы егістік жерлерін, малдарын суарған. Сондай-ақ ауыз сулары, бау-бақшалары осы канал суымен қамтамасыз етілген. Ірі-ірі әулеттер, ханзадалар су құбырлары арқылы қажетті суын алып отырған. Қожай, Оразалы каналдары Ақсудың оң жағын жағалап, сол жердің тұрғындарына су жеткізген. Бұл су жүйелері осы уақытқа дейін жұмыс істеп келген. Қазірге дейін жақсы сақталған. Кейбіреулері пайдаланбаған соң құрғап қалған. Ақтөбенің су жүйелерін археолог В.А. Грошев сипаттап жазып, мақала етіп жариялады [9]. Осы тоғандардың бойына су диірмендерін құрған. Олардың орны керек десе, диірмен тастары осы күннің өзінде де өз орындарында жатыр. Су диірмендерінің тұрмыста кең көлемде пайдаланылуы, Ақтөбе қаласы маңында егіншіліктің мол болғанына дәлел. Олардың біреуі соңғы жылдары қайта құрылды. Оны сол жердің тұрғыны Мұсаев деген азамат құрастырды.

      Орта Азия және Қазақстандағы ортағасырлық қалаларға, әсіресе, Ұлы Жібек жолындағы шаһарларға ғалымдар, саяхатшылар жиі-жиі келіп тұрған. Олар осы қалалар жөнінде азды-көпті құнды деректер қалдырғанына жоғарыда тоқталғанбыз. Ортағасырлық үлкен қалалар үш бөліктен құралғанын арабтың ұлы географы Ибн Хаукал жазған. Ол Ферғана қаласының құрылысын былайша суреттеген: «Ферғананың орталығында кухендиз (цитадель), оны қоршаған медина (шахристан), оның төңірегінде рабад орналасқан. Әмірдің үйі және түрме кухендиздің ішінде… Ферғана аймағында кухендизсіз бірде-бір қала жоқ» [3].

      Тарихта белгілі Ферғана көрші аймақтарға да өзінің ықпалын жасаған, Ақтөбе де бұдан кенде емес екені ақиқат. Соның айғағы – оның да үш бөліктен құралғандығы. Қаланың қақ ортасында, Ақсу өзенінің сол жағында биіктігі жердің бетінен 20 м биік төбе бар. Оны жергілікті тұрғындары кейінгі кезде Ақтөбе деп атап кеткен. Бұл төбе – қаланың цитаделі (кухендизі). Оның солтүстік жағы – 35 м; батысы – 60 м; оңтүстігі – 80 м; шығысы – 50 м. Цитадельдің жалпы көлемі – 7-8 гектар. Шахристанның көлемі – 20 гектар. Қала шахристаны мен рабадттары XX ғ. 60 жылдарында бұзылғанын жоғарыда айтып өттік. Сондықтан да, шахристанның көрсетілген