Название | Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық |
---|---|
Автор произведения | Мао Сяо |
Жанр | |
Серия | |
Издательство | |
Год выпуска | 2025 |
isbn |
Мен жұлам деп кәмпиттің қағазын жыртып алдым, кәмпит көрініп қалды. Жегім келіп шыдай алмай, ауызымды апара бергенім сол еді…
– Әй, қыз, не істеп жатырсың? –деді біреу.
Іле-шала кәмпит үйдің терезесі ашылды, терезеден аппақ, жүзі доп-домалақ кемпір басын шығарды. Айтайын дегенім, әукесі неше қабат, тіпті мұрнының өзі доп-домалақ екен. Оның үйінде біртүрлі зіл бар сияқты, бірақ жүзі жаңағы мен жей алмай қалған кәмпит сияқты тәп-тәтті болып көрінді.
– Мен бе, мен… мигоухуа гүлін іздеп жүрмін, бірақ оны таба алмадым. Гүл іздеп жүріп жолдан адасып қалдым, қарным да ашып кетті. Сіздің қабырғаға жиылған кәмпиттен жесем бола ма? – дедім.
– Әрине. Үйге кірсеңші, үйде көп кәмпит бар, – деді кемпір.
Мен есіктен кірейін деп, есікке қарай тұра жүгіріп едім, ол:
– Қайт, бері кел! Мына жерден кір, – деді.
Мен есікті аша алмадым, керісінше қолым есікке жабысып қалды, тым ұят жағдай болды.
Бұл кемпір де мыстан кемпір екенін біле қойдым, ол маған кәмпитпен алдап, қант құрағын ору, ара өсіру, пештің отын жағу, сироп қайнату үшін қолқанат етіп алмақшы… Мен оның алдауына түспеймін, мен үйге қайтуым керек.
Бірақ қолым жабысып қалды, қашып кете алмаймын.
– Қане, мен саған көмектесейін, – деді ол.
Терезеден жұп-жұмыр қолымен желкемнен ұстап жұлып алды да, үйге алып кірді.
– Бұдан былай мені Цзи апай деп атай бер, мына кәмпитті қалағаныңша жей бер, бірақ балаларға көп тәтті жеуге болмайды, тісің ауыратын болады, – деді кемпір.
Апай өте мейірімді жан сияқты, мен оны әдейі көлгірісіп тұр деп ойладым.
Мен сөйтіп апайдың кәмпит үйінде тұрып қалдым. Кәмпиттің түр-түрі бар, тамақ жасап әуре болмайсың. Мәселен, орындықтың сирағын сындырып жей беруге болады, өйткені ол тұтас шоколадтан жасалған. Суырманың тұтқасын да жеуге болады, оның дәмі тіпті бал сияқты екен.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Примечания
1
Башэ – қытай мифологиясында піл жеп қоятын алып питон (ауд.).
2
Шухай – «Таулар мен теңіздердің классикасы·Хайвай дун Цзин»
кітабында айтылатын мифтік кейіпкер. Түпнұсқадағы сілтемеге
қараңыз.
3
Mигоухуа гүлі – «Таулар мен теңіздердің классикасы: Наньшань
классикасында» жазылған сиқырлы өсімдік. Оны тағып жүрген
адам ешқашан адаспайды. Түпнұсқадағы сілтемеге қараңыз.