Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық. Мао Сяо

Читать онлайн.
Название Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық
Автор произведения Мао Сяо
Жанр
Серия
Издательство
Год выпуска 2025
isbn



Скачать книгу

Бірақ Шухай ағай бұрылуды білмейді, ылғи түзу жүреді.

      Мен «телефон бағанасына шығуға болмайды! Анау трансформатор, Электр тогы қауіпті!» деп айқайлап жатырмын, менің сөзіме тоқтайын деген Шухай ағай жоқ. Ол телеграф тіректерін бойлап, көшеде тұрған трансформаторға тура тартты. Полиция келгенше одан төмен түсіп, ескі кітап дүкенінің екінші қабатына шығып кетті.

      Мен онымен қоштасуға да үлгермедім. Ол осы көшедегі үйлерден өтіп, өзінің әлемді қадаммен өлшеу дейтін кәсібін жалғастырып кете барды. Мен кеңістікке қолымды бұлғап қала бердім, алтыншы қабатта тұрған ақ мысық та маған қарап алдыңғы аяғын көтеріп қойды.

      Мен оны содан қайтіп көрген емеспін. Ол сол күйі ғайып болып кетті.

      Полицей маған электр таяқшасын ойнақтатып:

      – Не деп айғайлап тұрсың? Трансформатордың үстіне шыққан кім?, – деп айғайлады.

      Мен сабақтан кешігіп қалмайын деп, мектепке қарай тұра жүгірдім.

      3

      Бұл менің ғарышта алғаш рет болуым, керемет әсерде болдым. Қалай түндірсем екен? Кішкентай кезімде танысқан Шухай ағаны аз да болса түсінген сияқтымын…Өзі қайда жүр екен? Хәлі қалай екен? Біздің барлау спутнигімізден сәл ақау шығып тұр, мен капсуладан шығып, сол мәселені өзім шешуіме тура келді. Қандай мәселе екенін түсіндіру қиындау болып тұр. Мысалмен айтатын болсақ, ойыншық электрлік көліктің бұрандаларының бірі босап қалды дейік, оны бұрап қоюға тура келеді. Әйтпесе, электр көлігі істен шығып қалады.

      Мен шешкелі отырған мәселе – осы босап қалған бұранда тәрізді мәселе.

      Бұранданы бұрай салу оңай, бірақ кабинадан шығу қиын болып тұр. Бұл Шухай ағайдың кезінде біздің үйдің төбесіне жүріп шыққаны, трансформатордың үстінен жүргенімен ұқсас нәрсе. Мен өзім солай деп ойлаймын.

      Ол қалайша сонша сабырлы болды? Қадамынан ешбір қобалжудың нышаны білінбейтін еді?..

      Мен оның «Олай жүру деген оп-оңай шаруа» деген сөзі есімде жақсы сақталды.

      Оның сөздері маған жігер бергендей болды. Мен кеудемді керіп, екі қолымды сермеп, нық қадам басып шыққандай болдым… мұным өзіме күлкілі көрінді. Негізі мен қадамды нық баса алмадым, қанша түзу жүруге тырыссам да, аяғымды қисалақтатып, әрең басып келемін. Бала кездегі шығармалардан оқығанымыздай, мен мақтаның үстімен жүргендей болдым.

      Осыншама жыл өтсе де, Шухай ағайды ұмытқан емеспін.

      Әйтеуір ол менің рухани ұстазым сияқты болады да тұрады.

      Ол әлемді қадамымен өлшей алады екен, мен не себепті өз әдісімді пайдаланып, осы қызықты әлем туралы көбірек білуге тырыспаймын? Сөйтіп, мен ғалым болдым. Денсаулығым жақсы болды, жаяу жүру менің хоббиім еді, сол себепті маған ғарышкер болу мүмкіндігі бұйырды.

      Мен өз жұмысымды табандылықпен жасап жүрдім, соның арқасында ғарыштық серуендеу миссиясы маған тапсырылды. Мен мұны мақтан тұтамын, люктен аттаған сәтте, ең бірінші ойыма қадірлі Шухай ағайым түсе кетті.

      Мен өзім игерген білімге сүйене отырып, дүниені өлшеудің Шухай ағайдың әдісінен әлдеқайда озық әдістері бар екеніне көзім жетті.

      Әлем – мынау жалпақ дүние…

      Ол