Название | Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық |
---|---|
Автор произведения | Мао Сяо |
Жанр | |
Серия | |
Издательство | |
Год выпуска | 2025 |
isbn |
Бұл оңай емес, ол ғарышқа жетіп қойыпты.
Мен отырған ғарыш кемесі Long March 7 зымыраны арқылы ұшырылған еді.
Ол мені құшағынан босатқан кезде, көз жасқа ерік бердім.
Мен белгілі болған деректі оған айтқым-ақ келді, бірақ айта алмадым. Ол біздегі заманауи ғылыми әдістермен алынған нақты дерекке қол жеткізу үшін тағы қанша жыл еңбектену керек екенін білмейміз.
Мен оның жүрегін жаралап аламын ба деп қорықтым.
Мен оның ынта-жігерін басып тастағым келмейді.
Оның үстіне біздегі деректер дәлме-дәл келе ме? Мұны тексеруге ешқандай мүмкіндік жоқ. Оның өлшеу әдісі қарапайым әрі ежелгі әдіс болғанымен, ол әр қадамын санаудан шаршамайды!
Былайша айтқанда, керек десең, біздің деректі оның деректерімен дәлелдеуге тура келеді.
Оның сапары шексіз әлем сияқты ұлғая береді, ол әрбір қадамын нық та сенімді басып келеді.
– Мұңайма!..8. Біз тағы кездесеміз…9, – деді Шухай ағай.
– Шухай ағай… – деп, мен астыңғы ернімді тістеп жыламауға әрең шыдап тұрмын. – Сіз сәл тынығып алсаңыз қайтеді? Мен сізді ғарыш капсуласына ертіп апарайын. Ғарыштық сусын мен ғарыштық тамақтан дәм татып, демалып қайтыңыз!
– Суық шәй жоқ қой,..2, – деп Шухай ағай қалжыңдады. Оның жүзінен баяғы таныс таныс күлкіні тағы көрдім. – Жұмысыңнан қалма… 3. Бастықтың көзіне түсіп қалма, камера бар ғой! – деп Шухай ағай алыстап кетті, оның қарасы да көрінбейді. Ол бейне сөніп бара жатқан түнгі аспанның жұлдыздары сияқты ғайып болды. «Қош бол!» деп қолымды бұлғап қала бердім.
Түпнұсқаға
сілтеме
«Таулар мен теңіздердің классикасы: Хайвай дун Цзин» кітабында: «Аспан патшасы Шухайға жерді өлшеуді бұйырды. Шухай шығыстағы нүктеден бастап, батыстағы нүктеге дейін өлшеп шығады. Өлшеудің нәтижесі 500 млн тоғыз жүз мың сегіз жүз қадам болады. Шухай оң қолына есептеу таяқшасын ұстап, сол қолымен Цинцю патшалығының солтүстігін көрсетеді. Тағы бір болжам бойынша, Шухайға жерді өлшеу міндетін бұйырған император Юй болатын. Шухай жер шарын 500 млн тоғыз жүз мың сегіз жүз қадам деп есептеп шығады» деп жазылған.
Постскриптум
Шухай ерекше қызық адам. Сызғышты Шухай ойлап тапқан деген аңыз бар. Шын мәнінде Шухайға сызғыштың қажеті жоқ, оның қадамының өзі сызғыштың рөлін атқара береді.
Менің қиялымда ғалам шексіз, сондықтан өз міндетін адал атқаратын Шухай «әлемді қадаммен әлі өлшеп жүр» деуге толық негіз бар. Ол мифтік кейіпкер, ертегі кейіпкері, аңыз-әңгіме кейіпкері болғанымен, менің ойымша, ол өмірде бар кейіпкер. Заманауи технология қаншалықты дамыса да, ол тек өз қалауымен (қадамымен) өмір сүре береді. Мен Шухайдың бойынан қазіргі біздің дәуірде насихатталып жүрген өз ісіңнің білгірі һәм шебері болу рухын байқадым. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері болу – бұл берік, қарапайым және табандылықты талап ететін рух. Яғни мықтылық рухы екенін білдіреді. Шухай ылғи да сапарда жүреді, әлемді қадаммен өлшеп шығу үшін табандылық көрсетіп келеді. Мүмкін күндердің күнінде