Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық. Мао Сяо

Читать онлайн.
Название Тау мен теңіз ертегілері. Отқоректі құбыжық
Автор произведения Мао Сяо
Жанр
Серия
Издательство
Год выпуска 2025
isbn



Скачать книгу

өте жылдам айтып келеді. Әр қадамын санап келе жатқан сияқты. Ол келесі қадамын басқан кезде, бөтен бір санды айтып отырады. Ол алдыңғы айтқан санға 1-ді қосып келеді. Ол санауды үйреніп жүр ме, әлде жүруді үйреніп жүр ме?

      Мен оған қарсы жүріп барамын, ол да маған қарсы келе жатыр. Екеуміз соқтығысып қалуға шақ қалдық. Ол тоқтаған жоқ, тіпті тоқтайын деген ойы да жоқ. Оң аяғын тік көтеріп барып, біздің көкөніс алқабына қоюға шақ қалды.

      «Менің көк пиязым, менің қызанағым, менің тәтті картоптарым…»

      Бір қызығы, екеуміз бетпе-бет келіп соқты ғыспадық. Қалай екенін білмеймін, ол менің артыма өтіп кетті. Оның үстіне біздің көкөніс алқабына аяғының ұшын тигізген жоқ. Қалбаңдаған көлеңкеден өтіп бара жатып сүрінгендей болдым. Артыма бұрылып қарап едім, ол менің анама қарай кетіп бара жатқан сияқты болды. Оның тоқтайын деген ниеті де жоқ, ол енді менің анамды басып кететін болды…

      Мен:

      – Анашым… – деп айғайлап жібердім.

      – Не болды, балам? – анам қаннен-қаперсіз: – мен мұндамын, – деді.

      Мен шошығанымнан қолымды ербеңдетіп, бірдеңе дейін десем, тілім сөзге келмейді, абдырап недерімді білмей қыстығып барамын. Анам:

      – Не болды? Өзің жалғыз ойнай бермейсің бе? – деп ұрысып берді.

      Әлгі адам анамның қасынан өте шықты. Оның қалай өтіп кеткенін көре алғам жоқ. Ол анама еш зәбір тигізген де жоқ. Анам да ешкімді көрмеген сияқты, әлі де өз жұмысын жалғастыра берді.

      Мынау адам емес пе? Адам болмаса, не болды? Апыр-ау, бұл елес пе, әлде жын ба?.. Мен есеңгіреп қалдым.

      Мен оның біздің үйге қарай кетіп бара жатқанын байқадым. Оны қуып жетіп, не болып жатқанын сұрауым керек. Неге оны мен ғана көре аламын? Неліктен ол біздің көкөніс алқабын кесіп өтеді?

      Анам менің үйге қарай жүгіріп бара жатқанымды көрді. Ол мені үйге барып су немесе тамақ ішіп келеді деп ойлап қалған болар, маған ештеңе деген жоқ. Өйткені көкөніс алқабы біздің үйдің дәл артында болатын, үйге тиіп тұр.

      Әлгі адам біздің үйдің артқы есігіне қарай тартты. Ол үйге кіре ме? Ұры болуы мүмкін бе?

      Бақытымызға орай, біздің артқы есік құлыптаулы, ал кілтті босағадағы кішкене тесікке қалдырып кеткенбіз, ол мұны білмейді!

      Сол кездегі жайт мені қатты таңғалдырды: әлгі адам біздің үйдің артқы есігін ашқан жоқ, артқы есіктен өтіп, үйдің қабырғасымен жүріп, төбеге қарай кетіп барады.

      Дүние айналып кеткендей болды, мен шалқайып артыма құлап қала жаздадым, әлгі адам қабырғамен құламай жүріп барады.

      Еш кедергісіз, алға тартып барады…

      Оның денесі қабырғаға перпендикуляр, ол төбеге қарай шынымен жүріп барады! Әлгі адам үйдің төбесіне шықты.

      Денесі бірте-бірте қысқарып барады, аяғы, сосын бөксесі, содан кейін иығы көрінбей кетті, тек шашы ғана қалды… мен дереу кілтті алып, артқы есік арқылы үйге кірдім, одан кейін алдыңғы есікті аштым.

      Мен есікті ашқан уақытта ол да қабырғадан төмен түсіп, есік алдында тұр екен.

      «Ей, сен…» мен өзімше оған ұрысайын деп едім, неге екені белгісіз, аузымнан: