Название | Жалпы гидробиология |
---|---|
Автор произведения | Б. Минсаринова |
Жанр | Учебная литература |
Серия | |
Издательство | Учебная литература |
Год выпуска | 2017 |
isbn | 978-601-04-2166-0 |
Метан көптеген гидробионттар үшін күкіртті сутек сияқты улы болып табылады. Клетчатка және басқа да органикалық заттардың микробтар көмегімен ыдырауы кезінде пайда болады. Әдетте оның мөлшері суға су түбі шөгінділерінен бөлінетін барлық газдардың шамамен 30-50 %-ын құрайды. Метанның пайда болу жылдамдығы, негізінен, ыдырайтын субстраттың мөлшері мен температураға тәуелді. Метанды, әсіресе органикалық заттары көп болатын тоғандар мен көлдердің грунттары бөледі. Суқоймаларда пайда болған метанның біразы атмосфераға түседі, біразын микроэрофилді бактериялар H2CO3-қа дейін тотықтырады. Су қабатындағы метантотықтырғыш бактериялардың мөлшері әдетте 1 мл ондап немесе жүздеп, ал 1 г грунтта мыңдап кездеседі. Олар метанды тіпті өте аз концентрацияда (0,05 мкмоль/л) пайдаланып, оның су қабатында жиналуына кедергі келтіреді.
Минералды тұздардың иондары. Судағы барлық минералды иондардың концентрациясы оның тұздылығын білдіреді. Судың тұздылығы 1 кг-да граммен немесе промилмен (‰) анықталады. Минералды иондар биосинтез процесін қамтамасыз ету үшін өсімдіктерге қажет, олар биогендер деген атауға ие. Гидрофиттердің өсуі мен дамуын тежейтін осындай биогендерге азот, фосфор, кремний, темір иондары жатады. Гидробионттар үшін кальций және магний иондарының концентрациясы да маңызды, олардың жалпы мөлшері судың кермектілігін анықтайды. Судың жеткілікті кермектілігі ізбесті қаңқасы бар гидробионттардың (моллюскалар, маржандар) тіршілік етуіне қажетті жағдай болып табылады.
Барлық табиғи сулар тұздылық деңгейіне қарай 1958 жылы қабылданған Венеция жүйесі бойынша: тұщы (0,5‰-ге дейін), олигогалинді (0,5 – 5‰), миксогалинді немесе тұздылау (5 – 30‰), оның өзі мезогалинді (5 – 18‰), полигалинді (18 – 30‰) деп бөлінеді), эугалинді немесе теңіз суы (30 – 40‰), гипергалинді немесе өте тұзды (40 ‰ астам) деп бөлінеді.
Тұщы суқоймаларға барлық өзендер мен көпшілік көлдер, эугалиндіге – Әлем мұхиты , миксогалинді және гипергалиндіге – кейбір көлдер мен Әлем мұхиты ның жекеленген аудандары жатады.
Тұздылықтың едәуір ауытқуына төзімді түрлерді эвригалинді, ал тұздар концентрациясының ауытқуына төзімсіз түрлерді стеногалинділер деп атайды. Нағыз эвригалинді формаларға, мысалы,