Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс

Читать онлайн.



Скачать книгу

соң оның орынбасарларын тағайындау алауыздықтардың негiзгi себепшiсi болды. Осы мәселе төңiрегiндегi ортағасырлық мұсылман күпiртанушылық (ересографиялық) дәстүр Мұхаммед пайғамбарға түскен хадистен шықты. Онда иудейлердi 71 ағымға, христиандар 72 ағымға, ал мұсылмандар 73 ағымға бөлiнедi делiнген, соның 72-сi тозаққа түсiп бiрi ғана жұмаққа баратыны айтылған. Күпiртанушылық әдебиеттiң көрнектi өкiлi Абу л-Музаффар ал-Исфара'ини «Ат-табсир фи-д-дин ватамиз ал-фирка ан-наджиа» атты шығармасында «ислам елдерiнде қарапайым халықты алдап, олардың сенiмiн шатастыратын күпiрлер пайда болды» деп жазды. Ислам дiнi пайда болғаннан соң қысқа мерзiмде пайда болған осындай күпiрлiк ағымдар кейiн жекелеген мемлекеттердiң идеологиялық негiзiне айналып, ислам дiнiндегi қайшылықтарды тереңдете түстi.

      Ислам пайғамбары (ғ.с.) қайтыс болған соң бiрқатар мұсылмандар халифтық екi себеппен Әли ибн Әбутәлiбке тиiс едi деп есептедi. Олардың пiкiрiнше, бiрiншiден, пайғамбарымыз көзi тiрiсiнде-ақ Әлидi мұсылмандардың жетекшiсi деп таныған. Екiншiден, ол пайғамбардың күйеу баласы. Осының нәтижесiнде исламда сунниттiк, шииттiк және хараджилер ағымдары пайда болды. Осылайша, имамдық пен халифтыққа тек қана Әли мен оның ұрпағы құқылы деп бiлгендер шииттер деп аталды. Кейiннен шииттердiң өздерi Әлиден соң билiкке кiм келу керек деген мәселенiң талқылануы барысында өзара таласқан бiрнеше ағымдарға бөлiнiп кеттi. Осындай күпiрлiк ағымдардың iшiндегi ең қауiптiлерi де, кең тарағандары да исмайлшылар мен карматтар қозғалысы едi. Исмайлшылардың да, карматтардың да негiзгi дiни қағидалары барлық бiлiмнiң жалғыз иесi ретiнде имамат және имам қағидасы болды. Исмайлшылар, тiптi шииттердiң де, сунниттердiң де жақтаушылары тарапынан күпiрлiк деп танылды. Бұған дәлел ретiнде шииттердiң сунниттердi исмаилшылар тәрiздi iлiм (та'алим) мен iз қуушылықты (тағлид) пайдаланды деп кiнәлауынан байқауға болады. Карматтар да, исмайлшылар да заттай және рухани әлемнiң екi жағы немесе екi мағынасы бар деп есептедi: сыртқы – анық, iшкi – жасырын. Олардың идеологиялық жүйесiне сәйкес екi қарама-қарсы негiзден тұратын экзотериялық доктрина (захир), яғни жалпыға бiрдей экзотериялық доктрина (батин) қауымның аз ғана мүшелерiнiң ашқан, Құранның әр мағынасын iшкi құпия, жалпыға бiрдей дәл сыртқы мағынадан бөлек болады деп түсiндi. Исмайлшылар ағымы өкiлдерi сенiмiнше, адамның денесiнiң өзi – захир (қабық), ал оның iшiнде құпия (батин) – жан жатыр. Исмайлшылар өз идеялық жауларын олар құпия iлiмдi бiлмей тек экзотериялық доктринаны ғана ұстанады деп кiнәлап, захирилердiң монотейзмiн пұтқа табыну деп қорытынды жасады. Низам ал-Мүлiк ең атақты кармат авторы Абданның «Жетiншi дәрежедегi Кiтап» атты шығармасын оқып, карматтарды құдайсыздығы пен күпiрлiгi үшiн кiнәлады. Бұл жайлы ибн ан-Надим: «Мен бұл кiтапты оқып шығып, одан арсыздық пен шариғат iлiмiн масқаралайтын сұмдықтарды кездестiрдiм», – деп жазды. Осылайша, ислам әлемiндегi белдi ғұламалардың қарсылығына қарамастан әсiре күпiр ағымдар iргетасын бекiте түсiп, мұсылмандар арасына дендеп енiп, жайыла бастады.

      Көптеген суннит теологтары карматтардың шариғаттың