Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс

Читать онлайн.



Скачать книгу

қауiптi едi.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Түркілердің Иранды жаулап алу кезеңдері қандай?

      2. Түркілердің келуі қарсаңындағы Ирандағы саяси-діни ахуал қандай болды?

      2.2. Х-ХІ ғасырлардағы көшпендi түркi халықтары және олардың исламды қабылдауы

      Ислам әлемiндегi интеграциялануға төнген қауiптi сейiлту, ислам дiнiнiң iштей iру үрдiсiн тоқтату сырттан келетiн үшiншi бiр күштiң араласуынсыз iске аспайтыны барған сайын айқындала бастады. Бұл үшiншi күш сол дәуiрдегi ислам қайраткерлерi мен қарапайым мұсылмандардың дiни жазбалар негiзiнде мойындап, күткен шығыстағы түркi халықтары едi.

      ХІ ғасырдың бiрiншi жартысында Түркiстан аймағынан шығып, ұзақ уақыт бойы гүлденген ғазнауй әулетiне соққы берiп, олардан Хорасанды тартып алған соң, аббасилер халифатының қол астындағы Иран жерi мен бүкiл Кiшi Азияны жаулап алған түркi халықтарының селжүк топтары осы аймақта өздерiнiң мемлекетiн құрды. Селжүктердiң жаңа аймақта саяси табыстарға жетуiне түркiлерге тән жоғары әскери дайындықпен қатар, олардың дiннiң iшкi жаулары (карматтар мен исмайлшылар сияқты әртүрлi күпiрлiк ағымдар) мен сыртқы жаулардан (Византия империясы, крестшiлер қозғалысы, грузин-армян патшалықтары) құтқарушылар ретiнде келуi де оң ықпал жасады. Тарихи маңызды оқиғаға талдау жасаған зерттеушiлер түрлi себептерге байланысты ислам әлемi үшiн аса маңызды кезеңге саяси реңдi көбiрек берiп, саяси үрдiстердiң түркiлердiң дүниетанымымен сабақтастығын көзге iлмедi. Әсiресе алғашқы селжүк билеушiлерiнiң сол кездегi жалпы түркiлiк тазалыққа негiзделген жеке бас қасиеттерiнiң, олардың әзiрше, деспоттанған отырықшы билiк дәстүрлерiнiң әсерiне ұшырай қоймаған билiк жүйесiнiң ислам қағидаларының талаптарына сәйкестiгi мұсылмандар арасындағы беделiнiң өсiп, түркiлердi шын мәнiнде ислам мен мұсылмандардың нағыз қорғанышы мен тiрегi дәрежесiне жеткiздi. Түркiлердiң саяси белсендiлiгiнiң артуы нәтижесiнде батыстағы шекараның кiшiреюi, есесiне шығыстағы халифат шекарасының кеңеюiмен ұласты. 925 жылы Белуджистан жаулап алынды. 960 жылы 200 мың шатыр түркiлер исламды қабылдады. ІХ ғасырдың аяғындағы түркiлер тарапындағы шекаралық қала Испиджаб болса, Бограхандар кезiнде бұл шекара Таримге дейiн ұзарды. Макдиси бойынша ислам шекарасы шығыста Қашқарға дейiн жеттi. Ал 1006 жылы Хотан мұсылман әлемiне қосылды. Осы кезде Ғазна билеушiсi сұлтан Махмуд Үндiстан территориясының көп бөлiгiн ислам әлемiне қаратты. Дегенмен зерттеушiлердiң түркiлердiң дәстүрлi тарихи дүниетанымы мен таныстықтың терең болмауы, олардың мәселеге атүстi қарауына себеп болды. Өздерiнiң дәстүрлi мекен ету ортасын тастап шығып, салыстырмалы түрде экономикалық-мәдени ерекшелiктерге ие отырықшылар аймағын жаулап алуларымен қатар, осы аймақтардағы дiни-саяси ахуалға әсер ету стихиялы түрде iске асуы күмән тудырады. Шынында да, тарихи деректердi талдау түркiлердiң саяси белсендiлiгiнiң себебi олардың ислам дiнiмен қатысына байланысты екендiгiн көрсетiп отыр. Түркi қоғамының исламдану үрдiсiнiң ерекшелiктерiн қайта қарап, «түркiлер – ислам әлемi», «түркiлiк дүниетаным