Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс

Читать онлайн.



Скачать книгу

өздерi жасаған қару-жарақпен бірге көрші елдерде жасалған қару түрлерiн де кеңінен пайдаланды. Түркілер әскepi темір сауытты болғанға ұқсайды. Мысалы, Рүстем өз ұлына ақыл айтып, түркiлердi суреттегенде:

      Зал, ей, Песере Гушдор! …

      … Ке он торк дар джанг аждохост.

      Дар оханг ва дар кине абр болост.

      Дерафшан сиох аст ва хофтане сиох

      Зе оханг со'ад зе оханг колох

      Зал, ей, ақылды балам! …

      Ол түрік соғыста айдаһар,

      Ол темірге оранған, қайсар, өшпенділігі жоғары,

      Темір шоқпар (қамшы)

      Темір архалук (кіреуке),

      темір дулығалы, –

      деп айтады.

      Жырдың тағы бiр жерiнде:

      Зе торкон ва аз даште найзаварон

      Зе хар су биомад сепохи герон.

      Түркiлер мен найзалылар даласынан.

      Әр жақтан ауыр салмақты әскер шықты.

      Немесе

      Герон лашкари сохт Афрасиаб.

      Афрасиаб ауыр салмақты әскер ұйымдастырды.

      Археологиялық мәліметтер сақ-массагет тайпаларының металл өңдеуді шебер меңгеріп, оны тұрмыста кең қолданғанын көрсетеді. Олардың еңбек құралдары, қару-жарақтары, ыдыстары да металдан жасалды. Түркiлер дүниетанымында темір – Тәңірлік сипатқа ие қасиетті зат болды және Tәңірінің оларға тартқан осы бiр игiлiгiн шебер қолданып, іске асыра бiлдi. Міне, сондықтан да «Шахнамеде» келтiрiлген «темірге оранған» түркілер ұғымын тарихи шындық peтінде қабылдауымыз дұрыс.

      Түркiлердiң соғыс өнерінде кең пайдаланған әдісі ол – тыңшылық болды. Афрасиаб бiр шопанды тыңшы ретінде Иран әскеріне жiбередi:

      Негах кун ке чанд аст ро

      Ирон сепах зе гардон ке дорад

      Ке дерафш ва колох

      Байқап қара Иран әскepi қанша, сарбазы, шоқпары мен дулығасы неше екен?

      Тағы бiрде Афрасиаб өз қолбасшысы Фаргарды Иранға жiбередi:

      Хам акнун бороу суйе Иран сепох

      Негах кун бедин Ростам размхох

      Саборон негах кун ке чандон ва чун

      Ке дорад барин бум на рахнемун.

      Дәл қазiр Иран әскеріне жөнел,

      Сол Рүстем жауынгердi байқа,

      Әскерін қара: қанша және қалай бекiнген, несі бар, бәрін біл.

      Сонымен, «Авеста», «Шахнаме» жырларынан тарихымыз бен халқымыздың мәдениетіне қатысты біршама мәліметтерді көрсеттік. Әрине, бұл шығармалар көне тарих бойынша толыққанды сенімді қайнаркөздер бола алмайды. Дегенмен жырлардағы мәліметтерді басқа деректермен, археологиялық материалдармен салыстыра отырып зерттеудің оң нәтижелер беретіні анық. Қазіргі кезде көптеген ғалымдардың қасиетті Інжіл, Тәурат, Құран кітаптарындағы мәліметтерді тарихи оқиғаларды зерделегенде пайдаланып отырғандығы жаңалық емес. Сондықтан да төл тарихымызды зерттегенде жоғарыдағы шығармалардағы мәліметтерге назар аударудың берері баршылық.

      Бақылау сұрақтары:

      1. «Шахнаме» дастаны сюжеттерінің Иран-Тұран қарым-қатынасының дереккөзі ретінде қаншалықты маңызы бар?

      2. «Шахнаме»