Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғарғы сот кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға ұсынымды Жоғарғы сот кеңесі жасайтын болады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау біршама жақсартылған. Елімізде 2004 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. Енді өлім жазасы іс жүзінде қолданыстан шығарылды. Өлім жазасын жою заңды түрде енгізілді. Жаңа өзгерістерге байланысты біздің елімізде адамдарды апатқа ұшыратуға соқтырған террорлық қылмыстар, сондай-ақ соғыс кезінде ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ғана адамдарға өлім жазасы қолданылады әрі олардың кешірім жасау туралы өтініш ету құқы да қарастырылған.

      Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталған конституцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа редакциямен қабылданды. Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың санкциясымен тұтқындауға әрі қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Прокуратура органдары бұл құқықтан айырылады. Соттың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Мұның өзі адам құқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс болып табылады.

      Жаңарған конституция бойынша жасы қырыққа толған, мемлекеттік тілді толық меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, туа республиканың азаматы болып табылатын кез келген адамның президент болып сайлануға құқығы бар.

      Конституцияға енгізілген жаңалықтардың ішінде парламентарийлердің ұсынысымен енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел президенті болып бір адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды» деген тұжырым одан әрі күшінде қалып, ол «бұл шектеу Қазақстан Республикасының тұнғыш президентіне қолданылмайды» деген сөздермен толықтырылды. Мұны палаталардың бірлескен отырысында депутаттардың өздері көтерді. Тұңыш президенттің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы ерен еңбегін бағалай отырып, елдің экономикалық қуатын арттыру, қорғаныс қабілетін күшейту, республиканы бүкіл әлемге таныту жолындағы қыруар істеріне көрсетілген құрмет ретінде осындай қадамға барғанын депутаттар ашық айтты. Екі депутаттан басқасы мұны бірауыздан қолдады. Соған сәйкес Н.Ә. Назарбаев тұңғыш президент әрі жалпыға танылған ұлттық көшбасшы ретінде ерекше құқыққа ие болып, конституцияда белгіленген екі мерзімнен тыс, әрине, баламалы негізде мемлекет басшысының лауазымына дауысқа түсу мүмкіндігін алды.

      Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты конституциямыздың жаңа мазмұнға ие болғанын көрсетеді. Бұл конституциялық реформа заман талабынан, тарихи қажеттіліктерден туған еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышарты болып табылады. Біздің еліміз саяси жаңарудың, демократиялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

      2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы парламентінің төменгі палатасы – мәжілісті,