Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

және басқа міндетті төлемдерді кірістен қаржы бөліп шығарып төледі, басқа бір бөлігін өндірістің кеңеюі мен жаңғыртуына, өз отбасының үнемі өсіп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыруына жұмсады.

      Экономиканың технологиялық іргетасын құраған көптеген жетекші кәсіпорындар қаражатты төлеуге қабілетсіз болып, толығымен өз жұмысын атқара алмады. Олардың өндірістік-техникалық әлеуеті әлсіреп, дер кезінде және тиімді өтем пұлсыз сапалылығы төмендеді.

      Өкінішке қарай, жекешелендіру қорларында нақты инвесторлар болған жоқ, олардың қолында кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін қаражат болмады. Ол кезде қазіргідей нарықтық менеджмент, еркін капитал, дамыған коммерциялық банктер әлі бола қоймағандықтан, орта және ірі кәсіпорындарды әділ купондық жекешелендіру идеясы объективті түрде сәтсіздікке ұшырады.

      Жаппай жекешелендіру кезеңінде кәсіпорындар экономиканы әлі де жандандыра алмады, оларда жеткілікті көлемде инвестиция да, шетел банктерінің несиелері мен қарыздары бойынша мемлекеттік кепілдіктері де болмады. Ал шетелдік инвесторлар ішкі және әлемдік нарықтарда төлем төлеуге қабілетті сұранымы бар салаларға, сонымен қатар экологиялық зиянды өндірістерге (1997 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың 83,3 %-ы мұнай-газ, түсті, қара металлургиясына бағытталған) қаражат жұмсауды жөн көрді.

      90-жылдары Қазақстанда өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа озық технологиялар нашар игерілді, үдемелі өнімдер шығару төмендеді, ғылыми-техникалық әлеует қысқарды. Өндірістің құлдырауы инновацияға бағытталған ресустардың ең төменгі мөлшерге дейін қысқаруына алып келді. Экономиканың құлдырауы инновациялық дамуға кедергі жасады.

      Туындаған әлеуметтік-экономикалық жағдай шапшаң, кейде қоғамда танымал емес шешімдерді қабылдауды талап етті. Жинақталған әлемдік, атап айтқанда, жапондық даму жолына түскен (Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және т.б.) мемлекеттердің тәжірибесі өтпелі кезеңде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде тиімді экономикалық тетіктер қажет екендігін дәлелдеді.

      1993 жылы дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы қабылданды. Ол «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (Егемен Қазақстан, 16.05.1992) атты ғылыми негізделген президенттік құжатта көрініс тапты.

      Бұл бағдарламаны іске асыру бастамасы, нарықтық өзгерістердің маңызды кезеңін де белгіледі. Осы кезеңнің айқындаушы факторы республикалық ұлттық валюта – теңгені енгізу болды, ол Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін шынайы нығайта түсті, меншікті макроэкономикалық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік берді, яғни республика экономикасы Ресейге тәуелді болудан құтылды.

      Осы бағыттағы кейінгі қадам – салық салу, бюджеттік және банк салаларында, сыртқы экономикалық іс-әрекетте, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржаларын, аудиторлық фирмаларын, басқа нысандарды қамтитын және нарықтық