Название | Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-1636-9 |
«Үшінші шақырылған Қдзақстан Республикасы парламентінің мәжілісін тарату және Кдзақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан президенті жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі өз қызметін аяқтады.
Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының жаңа құрамы 2007 жылғы тамызда қалыптастырылды. парламент сенатында президент тағайындайтын депутаттар санының 15 адамға дейін ұлғаюын көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, елбасы 2007 жылғы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды тағайындады.
Жаңартылған конституцияға сәйкес мәжіліс 107 парламентшіден тұрады. Олардың 98 депутаты 2007 жылғы 18 тамызда 7 саяси партиядан біртұтас жалпы ұлттық округ бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Мәжілістің 9 депутатын 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан халқы ассамблеясы сайлады.
Көп партиялы сайлауда дауыс беру кезінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ғана 7 пайыздық кедергіні еңсерді, оның қатарындағы депутаттар парламент мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді. Төртінші Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы болып алғаш А.Е. Мусин сайланды. Ол өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты. 2008 жылы қазанда оның орнына төраға болып О.Б. Мұхамеджанов сайланды.
Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы парламентіне 2012 ж. 15 қаңтарда кезектен тыс сайлау өтті. Бұл күні 6 миллион 980 мың қазақстандық (тұрғындардың 75,1 %-ы) өз таңдауын жасады. 2011 жылдың соңында бірнеше депутат ел президентіне мәжіліс пен мәслихаттарды тарату туралы Жарлық қабылдауын сұрап өтініш жасаған болатын. Депутаттар бұған негізгі екі себепті атады, біріншіден, 2012 жылы әлемдік қаржы дағдарысының екінші толқыны келуі мүмкін, сондықтан одан өткен кезде сайлаулар өткізуге алаңдамаған жөн, ал екіншіден, жаңа заңға сәйкес келесі парламенттің құрамында кемінде екі саяси партия болуы керек. 2011 жылы 16 қарашада Н.Ә. Назарбаев депутаттардың өтінішін қанағаттандырып, тиісті жарлыққа қол қойды. Сайлауға 7 партия – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, «Әділет», «Қазақстан патриоттары партиясы», Жалпыұлттық