Название | Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 978-601-04-1636-9 |
2012 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы алғаш рет жаңа мемлекеттік мереке – тұңғыш президент күнін атап өтті. ҚР президенті осы оқиғаға байланысты жарияланған өзінің «Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» деген мақаласында 1991 жылдың 1 желтоқсанында біздің халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан президенті сайлауы еліміздің тарихындағы маңызды белес екенін атай отырып, «Бұл оқиғаның тарихи мәні мен патриоттық құндылығы көзге ұрып тұр және ешқандай талас тудырмайды. Бұл күні Қазақстан халқы биліктің шынайы қайнар көзі болудағы, билікті қалыптастырып, оның саясатын айқындаудағы өзінің егемен құқығын алғаш рет жүзеге асырды»52, – деп бағалады.
Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей: «22 жыл бұрын біз Мәңгілік ел болудың бірегей қадамын жасадық. Дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария еттік» 53. Осы күні біз өзіміздің Қазақстан жолын бастадық.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан мемлекет басшысы болып сайланған тұңғыш президент – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты 54.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап президенттік институт қалыптасуының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңдегі басты жағдай президент тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі принципінің орнықтырылуына байланысты президент мемлекеттің басшысы ғана емес, сонымен бірге республиканың атқарушы билігінің де басшысы деп танылды.
ҚР-дың 1993 жылғы конституциясы президентті мемлекеттік биліктің атқарушы тармағына енгізді. Сөйтіп, бірінші конституция президенттің мәртебесін әлсіретті. Оның есесіне Жоғарғы кеңестің ұстанымдары мен өкілеттіктері күшейтілді. ҚР-дың Жоғарғы кеңесі тәуелсіз мемлекеттің бірден-бір заң шығарушы және өкілдікті органына айналды. ҚР Жоғарғы кеңесінің құзыреті, шын мәнінде, шексіз болды. Демек, 1993 жылғы ҚР-дың конституциясы күшті заң шығарушы билік ұстанымында тұрды. Мұндай жағдайда қандай да болсын күшті президенттік билік туралы айту орынсыз болатын. Ол атқарушы билікке байланды.
52
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні // Егемен Қазақстан. – 1 желтоқсан. – 2012.
53
Тәуелсіз Қазақстанның жеті қазынасы. ҚР-дың президенті-елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі. 14.12.2013. – Ақиқат. – № 1. – 2014. – 5-б.
54
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы. Қазақстан Республикасы парламенті сенатының қаулысы // Егемен Қазақстан. – 12 желтоқсан. – 2011.