Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн.



Скачать книгу

тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы күштерін құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған49. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

      Ата-баба армандап қанын төккен тәуелсіздікті тарих қазаққа Әлихан Бөкейханов: «Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар», – деп айтқан кезінен араға бір ғасырға жуық уақыт салып бұйыртыпты. Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Бүгінгі тәуелсіздіктің біздің қазақ халқына қандай қымбатқа түскенін қазіргі және болашақ ұрпақ түсініп, оны көздің қарашығындай қорғай білуі керек.

      ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ұлт көшбасшысы. Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» атты мақаласында тәуелсіздік шежіресіндегі үш шешуші тарихи белесті атайды. Бірінші, – деп жазады автор, – біздің еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі – Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қою. Сол сәттен бастап қазақстандықтар өздерінің және туындап келе жатқан егемен Қазақстан мемлекетінің ерік-жігерінің іс-қимыл жасайтынын білдірді. Екінші белес ретінде Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан президенті сайлауын атайды. Бұл президенттік биліктегі республика пайдасына жасалған бірегей тандау болатын. Ал «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңның қабылдануын үшінші белес екенін айта келе, елбасы бұл ұмытылмас тарихи оқиға болды, біз ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырдық деп жазады. Сондай-ақ мақалада еліміздің «өзгерістердің ұлы жолынан өткені» айтылады. Халықтың әл-ауқатын арттыру, экономика мен қауіпсіздікті нығайтуды мен әрқашан басты президенттік борышым әрі міндетім деп білемін50, – деп елбасы мақаланы қорытындылайды.

      Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа



<p>49</p>

Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994. – 438-442-6.

<p>50</p>

Егемен Қазақстан. – 1 желтоқсан. – 2012.