Название | Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) |
---|---|
Автор произведения | Амангелді Әліпбаев |
Жанр | История |
Серия | |
Издательство | История |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 9965-791-81-3 |
Соғыс аралық жылдардың өзінде екі мемлекет бірін-бірі алдаумен, сәті түссе бір-біріне қарсы үшінші мемлекетті айдап салу күйінде болғандығы, ең ақыры бүкіл әлемді қамтыған екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелген болатын.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі батысеуропалық саяси үрдістің француз-герман қатынастарына ықпалы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біртұтас неміс ұлты тек жер жағынан ғана емес, сондай-ақ идеологиялық нышаны жағынан да екіге бөлініп қалды. Фашизм жеңіліс тапқаннан кейін неміс жері басып алынған төрт аймақ болып құрылуы, негізінде бұларды екіге бөлінуіне әкелгені белгілі. Батыс пен Шығыс арасындағы “ұлы қарсыластық” кезеңі басталып, ендігі жерде әңгіме олардың ықпал ету аймағы жөнінде, дәлірек айтсақ оның шекарасы жөнінде болды.
Үш батыс мемлекеттері және Кеңес одағының мүдделері неміс жерінде түйісіп жатты. Әр ел жеңілген мемлекетте өзіне тиімді саяси жүйені орнатуға ұмтылды. Сол себепті де осы жерде Батыс пен Шығыс арасында қорқыныш пен жаулыққа негізделген сенімсіздік нығая түсті. Әр жақ екінші жағына өз ойын-тәртібін жүктеуге ұмтылды. Ең соңында тиімсіз жағдайда неміс халқы қалды. Тарихтың қатаң тағдыр тәлкегіне кез келген неміс ұлты, бір аумақта екі қарама-қайшы жүйедегі мемлекеттер орнатып, өмір сүрулеріне тап болды. Халықаралық қатынастар тарихы бетінде тағы да “герман мәселесі” көрініс тапты.
“Герман мәселесі” – бұл еуропалық тарихтың соңғы екі ғасыр бойы созылып келе жатқан бөлінбес бір рәсімі іспеттес. “Герман мәселесіне” байланысты еуропалық күштердің ауысуы ХХ ғасырдың өзінде бірнеше рет, яғни ғасырдың басында, сонан соң бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардан кейін өріс алды. Сонау Бисмарктың тұсынан бастап “герман мәселесі” – қарулану мен соғыстарға байланысты болды. Әрине, Бисмарктың тұсындағы Германияның бір тұтас мемлекет болып бірігуінің өзі қан мен қылыштың жолымен іске асқандығын білеміз. Бисмарк өмірінің соңғы кезінде осыған байланысты ешқандай мақтанышсыз өзінің мойнында Герман империясының бірлестігінің негізін қанмен бекіткен сексен мың адам өмірін әкеткен үш соғыс жатқанын айтқан еді. Енді міне, “герман мәселесін” ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында ғана бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі туды.
Халықаралық қатынастар жүйесінің өткен тарихына шолу жасай отырып, кей жағдайда осы екі мемлекеттің еуропадағы үстемдікке ұмтылуы табиғи заңдылық па деп те ойлайсың. Тек, енді екінші дүниежүзілік соғыста Германияның жеңілуі