Название | Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) |
---|---|
Автор произведения | Амангелді Әліпбаев |
Жанр | История |
Серия | |
Издательство | История |
Год выпуска | 2016 |
isbn | 9965-791-81-3 |
Ал шын мәнінде, мемлекетаралық қатынас көп жағдайда сол елдердің билік басындағыларының түсінігіне орай ұстаған саясатының жемісі еді. 1915 жылы 5 тамызда Францияның премьер-министрі Раймонд Пуанкаре: “Республика тек Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, еркін өмір сүруді сезінетін, еліміздің тұтастығын сақтайтын, қиралған дүниенің төлемін қайтаратын, герман басқыншылығының қайталанбауын қамтамасыз ете алатын бітім шартқа ғана келіседі“, – деп мәлімдеген болатын [19, с.12].
Бірінші дүниежүзілік соғыс тоқталғаннан кейін, жеңген мемлекеттер қатарында болған Француз үкіметі 1919 жылы 18 қаңтарында басталған Париж мәслихатында осындай талаптармен келген болатын. Бұл халықаралық мәслихаттың басты мақсаты Антанта елдерінің жеңілген Германия, Австрия, Болғария, Венгрия және Түркиямен бейбіт бітім шартын дайындау екені белгілі. Мәслихат жұмысы барысында француз үкіметі өзінің Еуропадағы ықпалын күшейтуді қамтамасыз ету мақсатында, қалай да болғанда Германияны жеңген мемлекеттерге, әсіресе Францияға басыбайлы қылуды көздейді. Әрине, халықаралық қатынастар заңдылығы бойынша мемлекеттер арасындағы қатынаста соғыс кезінде әріптесің болғанымен, соғыстан кейін ешқандай мемлекет одақтасының күшейіп кетуін қаламайтыны айқын. Сол ретте, Германияның басым экономикалық байлығын өзіне қаратқысы келген Францияның Еуропадағы ықпалының артуын бұрынғы одақтасы Англия мен АҚШ-та қолдай қоймады.
Сонымен, Германия мен Антанта арасындағы бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын белгілейтін бейбіт бітім жөніндегі Версаль келісім шартына 1919 жылы 28 маусымда Үлкен Версаль сарайының Айналы залында қол қойылады. Жалпы француз-герман қатынасында бұл Айналы зал ерекше орын алады, өйткені осы залда 1871 жылы Бисмарк Герман империясының құрылғандығын жариялап, француздарды