Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы доцентінің монографиялық еңбегі ХХ ғ. 50-60-жылдардағы француз-герман қатынастарының даму үрдісіне арналған. Француз-герман қатынастарындағы негізгі қағидалар мен өзара қатынастардың саяси ерекшелігі ғылыми негізде жан-жақты сараптаудан өткізілген. Екі елдің қатынасында маңызды орынға ие болған «Елисей келісім шартының» мәні мен маңыздылығы, сол кездегі кеңестік көзқарастың түп-тамыры айқындалған.
Монографиядағы мәліметтер мен нәтижелердің жоғары оқу орындарында халықаралық қатынастар тарихы, Германияның, Францияның сыртқы саясаты бойынша арнайы пәндерден дәріс беруде, сондай-ақ француз-герман тарихына қызығушылық танытатын оқырмандар үшін пайдалы болары сөзсіз.