Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн.
Название Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)
Автор произведения Амангелді Әліпбаев
Жанр История
Серия
Издательство История
Год выпуска 2016
isbn 9965-791-81-3



Скачать книгу

жағынан кепілдік ретінде неміс аумағын басып алу ешқандай негізге үйлеспеді. Сол себепті “Юнга жоспарының” қабылдануына байланысты мерзімінен бұрын 1930 жылдың 30 маусымына дейін екінші және үшінші кезектегі неміс аймақтары одақтастар әскерінен босатылуға тиіс болды. Сондай-ақ төлемақы төлеуге байланысты құрылған комиссиялар да қысқартылды. Әлбетте, бұл жағдайлар француздардың көңілінен шықты деп айтуға болмас.

      Тарихшы В.М. Турок бұл жөнінде былай деп жазады: “Француздар үшін шығынын толтыру Германия жағынан Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алу мәселесін көтермеу міндеті, және Локарно келісіміне сәйкес Рейн аумағында қарусыздандыруды сақтау. Аймақты қарусыздандыру қаулысын бұзған жағдайдан басқа уақытта Германия мен Франция әскери күшті пайдаланбауға міндетті болды. Алайда, Францияның қауіпсіздігіне сәйкес нақтылы ешқандай кепілдік ескерілмеді” [21, с.187-191].

      Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан қайшылықтарға қарамастан, 20-шы жылдардың аяғында, яғни 1929 жылдың 11 маусымындағы Ұлттар Лигасы Кеңесінің Мадридтік мәжілісі кезіндегі ресми емес сұхбат барысында Германия мемлекетінің сыртқы істер министрі Г.Штреземан мен Франция тарапынан – А.Бриан алғаш рет “біріккен Еуропа” жобасының ережелерін талқылайды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі күштер арақатынасын іріктеуге және соғыстың қалдықтарын жоюға Еуропаның бірігуі өзіндік әсер ететіндігіне Штреземан сенімді еді. Тек, бұл жобалар идея күйінде қалып, еуропалық аренадағы шиеленістік, Германияның билігіне фашистік топтардың келуіне байланысты тіпті өрши түсті.

      Екі мемлекет арасындағы қайшылық келбеті айқындала түсіп, 1935 жылғы 2 мамырдағы Францияның Кеңестер одағымен жасасқан өзара көмек жөніндегі келісім шарты, гитлерлік Германия үшін 1936 жылы Рейін алқабын ремилитаризациялауға сылтау болды. 1936 жылдың 7 наурызында А.Гитлер: ”Германияның тұрақты түрде достық пен бейбітшілікті уағыздауына Франция Еуропа есігін большевизмге ашумен және сондай-ақ Рейн аумағы жөніндегі келісім шартты бұзумен тең, тікелей Германияға қарсы бағытталған КСРО-мен одақ құруы арқылы жауап берді”, – деп мәлімдейді [22, с.256]. Еуропадағы әскери-саяси жағдайды күрт өзгерткен Рейн алқабын ремилитаризациялауға, Франция мен Ұлыбритания ауызша қарсылық көрсетумен ғана тынды. Осындай келісушілікпен екі мемлекет 1938 жылы фашистердің Чехословакияны ешбір шығынсыз бөліске түсіруіне өз қолдарымен көмек бергені белгілі. 1938 жылдың 6 желтоқсанында француз-герман арасында шабуыл жасаспау жөніндегі декларациясы жарияланған еді. Бұл өз кезегінде Францияның Кеңестер одағымен қатынасын шиеленістірген болатын [23, с.56]. Еуропадағы саяси жағдай күннен-күнге ауырлай түсті. Мұның соңы, Версаль бітім шартының әрбір тармағын есте ұстаған немістерге, 1940 жылғы 21 маусымда Франция үкіметін гитлерлік Германия алдында тізе бүктіреді. Францияға қатысты Гитлер өз шартын белгілеген болатын:

      «1. Француз үкіметі өз егемендігін сақтайды. Тек біз Француз отарлы империясы