Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

Парға арналған жерлер де ортақ жайылым ретінде пайдаланылды. Мұндай тәртіп қауымның барлық мүшелері үшін ауыспалы егістің болуын аңғартады. Үй маңындағы шаруашылық пен егістік және шабындық үлестерге кірмейтін жерлердің бәрі де ортақ иелікте қала берді. Қауымның әрбір мүшесінің осы пайдаланатын жерлерден алатын тең үлестері болды. «Салика заңының» кепілдігіне қарағанда франк қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымының негізі болған қауым V-VІ ғасырларда егіншілік қауымнан, көршілес қауым – маркаға өткен. Бұл қауым маркада енді шағын жанұялардың үлестік жерге жеке меншіктігі үстемдік етті, ал орман-тоғаймен бос жатқан жерлерге жайылымдарға қауымдық меншік сақталып қала берді. Галлияны жаулап алғанға дейін франктерде жердің жеке меншік иесі жеке-жеке үлкен жанұяларға ыдырап, бөліне бастаған ру болған еді. Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің басталуы франктердің рулық қарым-қатынасын әлсіретіп, үлкен жанұялардың ыдырап және олардан дара кішкене жанұялардың шығуларын даярлады. Жаулап алу кезеңіндегі жорықтармен жаңа территорияға бытырап қоныстанушылық рулық қарым-қатынастарды әлсіретіп, жаңа территориялық қарым-қатынастардың қалыптасу үрдісін тездетті. Осы жаңа территорияларда көршілер қауымы – марка қалыптасып орнықты.

      Аллод және қауым-марка. VІ ғасырдың аяғында ерікті франктердің мұралық үлестері толық жер меншігіне айналдырылды. Бұл «аллод» деп атала бастады. Бұрын «Салика заңында» мұра біткеннің бәрі осы терминмен аталған еді. Жылжымалы мүлікке үйлестіріп қарау жағынан аллод меншік ұғымында, ал жерге үйлестіру жағынан тек қауым мүшесінің мұралық үлесі ретінде ғана қаралды. Бірақ бұл үлеске қауым емін-еркін қожалық ете алмады. Король Хильдериктің жоғарыда көрсетілген эдиктісі қауымдастардың мұрагерлік құқығын ұлғайту арқылы іс жүзінде қауымның өз мүшелерінің үлесіндегі жерге қожалық ету құқығын жойды. Бұл жер бұдан былай өсиет етіп қалдыруға, сыйға тартуға, біртіндеп сатып жіберу-сатып алу объектісі болуға айналды, яғни қауым мүшесінің жеке меншігіне айнала бастады.

      Аллодтың пайда болуына байланысты егінші қауымның көршілік қауым-маркаға, территориялық қауымға айналу үрдісі аяқталды. Қауым-марка енді руластардан емес, көршілерден құралды. Қауым-марка мүшесінің әрқайсысы шағын жанұяның иесі болып табылды және өзінің жер үлесі аллодтың толық иесі болып саналды. Қауымның құқығы марканың тек әлі бөлінбей жатқан жерлеріне ғана жүретін еді. Бұл жерлер бұрынғыдай қауым мүшелерінің пайдалануларында қала берді. VІ ғасырдың аяғына таман кейбір шалғындық жерлер мен орман учаскелері жеке қауымдастардың аллодтық меншігіне көше бастады.

      VІ ғасырдың аяғында франктерде қалыптасқан қауым-марка қауымдық жер иеленудің ең соңғы түрі болып табылды.

      Галло-Рим халқы және оның франк қоғамын феодалдандырудағы рөлі. Франк қоғамында VІ ғасырдың аяғынан басталған феодалдандыру үрдісі тек франктердің ортасында ғана емес,