Название | Орта ғасырлар тарихы |
---|---|
Автор произведения | Рыскелді Мырзабекова |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2014 |
isbn | 978-601-04-0568-4 |
Хлодвиг мирасқорларының тұсында мемлекеттің бөлшектенуі. Ірі жер иеленудің және ірі жер иелерінің жеке биліктерінің өсуі Хлодвигтің ұлдарының тұсында король өкіметінің әлсіреуіне әкелді. Жерді үлестіріп берудің нәтижесінде корольдің домендік жер иеліктері табыстарының, едәуір бөлігінен айырылып қалу салдарынан, франк корольдері ірі жер иелерінің сепаратизмін тоқтата алған жоқ.
VІ ғасырдың аяғында Франк мемлекетінің құрамында үш дербес аймақтың оқшаулануы байқалды. Нейстрия аймағы – орталығы Париж болған солтүстік-батыс Галлия; Австразия аймағы – Франк мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігі. Бұған Рейн мен Маастың екі жағалауындағы ежелгі франк аймақтары кірді. Бургундия аймағы – Франк мемлекетінің құрамына енген бұрынғы бургунд корольдігінің территориялары. VІІ ғасырдың аяғында Нейстрия аймағының құрамынан оның оңтүстік бөлігі Аквитания бөлініп шықты. Франк мемлекетінің негізін құрған төрт аймақтың араларында халықтарының этникалық құрамы мен әлеуметтік құрылысының ерекшеліктері және ең алдымен феодалдандыру дәрежесі жағынан да елеулі айырмашылықтары болды. Нейстрия аймағында франктердің жаулап алу қарсаңында романдану процесі жоғары деңгейде болды және жауланып алынғаннан кейін халықтың ең күрделі бөлігі болып табылған галло-римдіктер корольдіктің басқа аймақтарымен салыстырғанда франктермен араласып, сіңісіп кетті. VІ ғасырдың аяғына қарай ірі шіркеулік және ақсүйектік жер иеленушілік үлкен маңыз алып, ерікті шаруалардың жойылу үрдісі тездетілді.
Халықтың негізгі көпшілігі франктерден және басқа да бағынышты герман тайпаларынан құралып, галло-римдік тәртіптердің ықпалы әлсіздеу болған Австразия аймағында VІІІ ғасырдың басына дейін қарапайым қоғамдық құрылыс сақталып келді. Қауым марка өте баяу ыдырады. Қауым марканың құрамына енген және әскери жасақтың негізін құраған ұсақ ерікті жер иелері – аллодшылар бұрынғысынша үлкен рөл атқара берді. Феодалдар тобының негізін ұсақ және орта феодалдар құрады. Олар орталық өкіметтің саясатының негізгі тірегі болып табылды. Шіркеулік жер иелену Нейстрия аймағына қарағанда шамалы болды. Галло-римдік халық германдықтармен араласып кеткен Бургундия мен Аквитанияда да ұсақ ерікті шаруашылық және орташа поместьелі жер иеленушілік ұзақ сақталды. Сонымен қатар ірі жер иеліктері, әсіресе шіркеулік иеліктер болды, ал ерікті қауым VІ ғасырда барлық жерде жойылып бітті. Бұл аймақтардағы феодалдық қатынастардың