Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

жаңа қауіп төнді: бүкіл солтүстік Африкадан Гибралтарға дейін жүріп өтіп, Пиреней жарты аралын жаулап алған араб мұсылмандары Галлия қарамағына келіп тұрақты түрде қоныстанды. Мемлекетке төнген қауіпті қайтару үшін үлкен күш және терең қоғамдық, саяси тәртіпті қайта құру қажет болды.

      Франк мемлекеті VІІ ғасырда құлдырауды басынан өткерді, ел бірнеше бөліктерге бөлініп кетті, олар – Нейстрия, Австразия, Бургундия және Аквитания. Меровиг әулетінің жерді таратуы корольден тәуелсіз ірі меншік иелерінің пайда болуына алып келді. Хлодвиг тұсындағы «март алаңы» оның өлімінен кейін (511) тарап кетті. Бұл дәстүр тек Австразияда ғана тоқтатылған жоқ. Жыл сайын март айында бүкіл франк халқы король алдында қаруларын тексеру үшін жиналуға міндетті болды. Бұл көктемдік жиын «март алаңы» деп атала бастады.

      Меровинг руынан шыққан корольдердің орнына майордомдар билікке келеді (VІІ ғасыр). Майордомдар алғашқы кезде франктер ауласында қызмет ететін үй басқарушылары еді. Ақырғы жылдары бұлар жалпы мемлекеттік саяси билікке араласып, биліктің барлық салаларын қолдарына шоғырландыра бастады.

      «Салика заңы» мәліметтері бойынша франктердің жүргізген шаруашылығы. «Салика заңы» – франктердің шаруашылық жағынан даму дәрежесі, біздің заманымыздың ІІ ғасырының аяғында Тацит сипаттаған ежелгі германдықтардың шаруашылық дәрежесімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болған. VІ ғасырда франктердің ең негізгі кәсібі болған егіншілікте, сірә, жердің неғұрлым қарапайым жатып тыңайған жүйесін қос танаптылықпен алмастыру үстем болса керек. Егістік жерді мезгіл-мезгіл қайта бөлісу тоқтатылды, өйткені егіншілік кәсібінің неғұрлым интенсивті түрде дамуын қиындата берді. Дәнді дақылдардан – қара бидай мен бидайдан, сұлы мен арпадан басқа, франктер бұршақ тұқымдастар мен жөкелерді екті, бақша мен бау-бақшаларды және жүзімдіктерді егіп өсіре бастады. Франктерде егістік жерді жақсылап қопсытатын темір түренді соқаны пайдалану ісі кең таралды. Ауылшаруашылық жұмыстарында, негізінен, өгіздер, аттар, қашырлар мен есектерді пайдаланды. Егістік жерді өңдеп ұқсату, баптау әдістері де жақсартылды: жерді екі немесе үш рет айдап, оны тырмалау, жерге көң төгіп тыңайту, егіннің арам шөптерін отап тазарту және астықты шынжыр көмегімен бастыру сияқты жұмыстар әдетке айналды; жай қол диірменнің орнына су диірменін пайдалану кең етек алды. Франктердің шаруашылығында үлкен рөл атқаруға айналған малшаруашылығы анағұрлым өркендеп дами түсті. Франктер ірі қара мен ұсақ малдарды – қой мен ешкіні, әсіресе шошқаны, сондай-ақ үй құстарының әр түрлерін мейлінше көп өсірді. Сонымен бірге франктер аңшылық, балық аулау және ара шаруашылығымен де айналысты.

      Шаруашылықтағы алға жылжушылықтар франк қоғамының тек ішкі дамуының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар жаулап алынған римдік территориядағы ауылшаруашылығының ең жетілген әдістерін франктердің пайдалана білуінің нәтижесі болды.

      Франк қауымы «Салика заңы» бойынша.