Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

шауып бара жатып, ғұндар тік бағытта да, бұрылып та бір минутта бірнеше жебе ата алатын. Бұл қару кейінірек түркі халықтарының атты әскеріне де тән болды, мысалы, ХVІІ ғасырда Осман империясында қолданылды.

      Басқа да мысалдарды келтіруге болады. Мысалы, Византия императоры Юстинианның қолбасшысы Велисарий дәл осы ғұндар мен аварлардың ықпалымен өз әскерінің басты бөлігін садақ, жебе, қылыш және қалқанмен жарақтандырды. Осының арқасында ол Италиядағы готтарды жеңді.

      Ғұндардың зергерлік өнерінің тамаша туындылары бар. Бұл алтын мен күмістен жасалған диадемалар, алқалар, сырғалар, фибулалар (сәнді түйреуіштер). Бұлар үлгісі бойынша қазақтардың зергерлік шеберлігімен үндес болып келеді. Ғұндардың қола қазандығы ғылымда ерекше қызығушылық тудырып отыр. Олар Еуропа мен Еуразиядан, соның ішінде Қазақстаннан да табылды. Бұл ескерткіштердің сақ дәуірінің ескерткіштерімен ұқсас екендігін айтуымыз керек.

      Империя өмірінің соңғы жылдарында сарай төңкерісі бірінен соң бірі болып жатты. 475 жылы император болып жасөспірім Ромул Август жарияланды. 476 жылы варвар әскербасыларының бірі Одоакр әртүрлі герман тайпаларынан құралған әскерді бастап бүлік шығарды. Ол Ромул Августулдың әкесін өлтірді. Ал императорды тақтан түсіріп, Неапольдің жанындағы иелігіне жер аударды. Сонымен, Батыс Рим империясы жойылды. Ал Византия деп аталған Шығыс Рим империясы бұдан әрі мың жыл – ХV ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.

      Еуразия тарихының ортағасырлық кезеңіне өту мен ортағасырлық өркениеттің қалыптасуына алып келген Еуропадағы халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірінде Ғұн державасы маңызды рөл атқарды. 451-452 жылдардағы шайқастардан кейін кең-байтақ Рим империясы әлсіреп, ыдырайды. Сөйтіп, түрік-ғұндар Еуропа мен Еуразия тарихындағы жаңа кезең – ортағасырлық қоғам мен өркениетке өтуге жол ашты.

      § 5. Батыс Еуропадағы феодализм генезисі

      «Феодализм» термині тарих ғылымында ХVІІІ ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады. Термин орта ғасырлардағы Батыс Еуропа елдеріндегі шартты жер иеліктері атауларын білдіретін латынның «feodum» – феодализм сөзінен шыққан.

      Феодализмнің пайда болуын тарихнамада әртүрлі түсіндіреді. Кейбір ғалымдар феодализмнің басты ерекшелігі ретінде саяси бытыраңқылықты қарастырса, Монтескье мен Мабли бастаған топ феодализмді феодтар жүйесі және феодалдық иерархия ретінде анықтайды. Осындай әртүрлі көзқарастарға байланысты тарихнамада бес теория қалыптасты. Бұл теориялар қалыптасқанға дейін әртүрлі бағытта дами берді. Мысалы, ХVІІ-ХІХ ғасырлар аралығында реакцияшыл-романдық бағыт пайда болды. Оны ұстанушы ғалымдар (Л. Бональд, Л. Мюллер, Г. Лео, Э. Берк) феодализмнің тууы туралы мәселеде көбіне германдық көзқарастарды жақтады. Олар бұл кезеңді «алтын ғасыр» деп көрсетті.

      ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Францияда О.Тьери мен Ф. Гизоның жетекшілігімен қалыптасқан медиевисттер мектебі ағартушылық дәстүрді жалғастырды. Бұл феодализмнің қалыптасуын жаулап