Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

Қазіргі зерттеулердің нәтижесіне орай, ғұндардың әскерінің саны ең көп дегенде 100 мыңнан 120 мың адамға дейін, ал оның қарсыластарының күші де шамамен осынша болғанын нақты айтуға болады. Аттиланың жағында үлкенді-кішілі 25 тайпа болды. Оның әрқайсысы өз қатарынан 10 мыңға дейін әскер немесе түмен шығара алатын еді. Соғыс жағдайында атты әскердің 1/3-і әдетте өз туған жерін қорғау үшін (тыл) қалдырылатын. Аттила жорыққа ең көп дегенде (25 х 6,600 салт атты) 165 мың жауынгер жинауы мүмкін еді. Бұған қоса әскердің алдыңғы (авангард) және кейінгі (арьергард) бөлімдері одақтас рулар мен тайпалардан тұрады.

      Осы шайқаста Аттила маневр жасауды жөн көрді. Аттила әскерімен Тюрингия арқылы Паннонияға қайтып келді. Жылнамашы Проспер Тиро жазғандай, бұл шайқаста екі жақтың ешқайсысы да жеңіске жеткен жоқ. Христиан хронистері (Гидаций, Марцеллин Комит, Кассиодор, Иордан) Каталаун даласында Рим империясы және оның одақтастары басымдылыққа ие болды деген пікірді айтады. Христиан авторларының Рим империясын осылай көрсеткісі келгендігі көп жағдайда діни және еуроцентристік көзқарасқа байланысты. Ғұндардың күш-қуаты 451 жылы «халықтар шайқасынан» кейін сарқылып қалған жоқ. Бұл оқиғадан бір жыл өткеннен соң Аттила енді Рим империясының дәл жүрегі болып табылатын Италияға жорық жасады. Бұл ғұндардың екінші еуропалық соғысына алып келді (алғашқысы – Каталаун шайқасы). Ғұндар Аквилея, Конкордия, Альтин, Патавий (қазіргі Падуя), Вицетия, Верона, Бриксия (қазіргі Брешия), Бергамо, Милан, Тицин (қазіргі Павия) қалаларын алды. Аттила өз резиденциясын Миландағы император сарайына орналастырды. Бүкіл Солтүстік Италия ғұндардың қолына өткеннен кейін, олардың Римге жолы жақын еді. Империяның қуатты жаулаушылары – ғұндарды тоқтататын күші болмағандықтан, Аттила әлемдік үстемдікке жақын еді. 4 бөліктен тұратын Ғұн державасы солтүстік аймақтарда Скифия (Ғұн патшалығы) Германияға дейін, оңтүстігінде Аттилаға салық төлеуші қос Рим империясы болды. Өз территориясы мен ықпалы бойынша ол әлемнің 4 бөлігін де қамтыды: шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке дейін.

      Империя үшін осындай қиын жағдайда император ІІІ Валентиниан Равеннада әрекетсіз отырса, Аэций де бейтараптылықта болды. Рим әскері ғұн тегеурініне бұдан былай қарсы тұра алмады. Ақыр аяғында шығыс ромейліктер бұрыннан үйреншікті болған тәсілді пайдалануға ұмтылды. Сөйтіп, Аттилаға елшілер тобы жіберілді. Елшілікті Ұлы деген атаққа ие болған І Лев өзі бастап барды. І Аттила Левтің өтінішіне тоқтап, Римді алмады.

      Ғұн патшасы Паноннияға қайтып кетті. Ол әйелдікке бургунд патшасының қызы Ильдиконы алады. Тойдың ертеңі Аттиланың өлімімен аяқталады. Көптеген дерек бойынша, Ильдико кек алу мақсатымен Аттилаға у беріп өлтірді дейді.

      Аттиланың қазасына байланысты мәтіні түрік дәстүрлеріне ұқсас жоқтау айтылды, сондықтан Орталық Азиядағы ежелгі ғұн тарихымен байланысын атауымыз керек. Ғұндар мен Аттила және шығыс-түрік қағаны туралы көрсетілген мәліметтердің арасындағы белгілі параллельдерді