Название | 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы |
---|---|
Автор произведения | К. А. Саркенова |
Жанр | История |
Серия | |
Издательство | История |
Год выпуска | 2011 |
isbn | 9965-29-641-3 |
Жұт салдарынан бар малынан айрылған, нәтижесінде аштыққа ұшыраған даланың көшпелі қазақтары бүкіл отбасыларымен қыстауларда қырыла бастады. Аштыққа ұшырағандардың жалпы саны республикада 1 476 985 адам болды, оның 558 392-і балалар еді101. (1922 – 1923 жылдардың дерегі бойынша, республикадағы ашыққандардың ең жоғарғы көрсеткіші – 2 305 321 адам болған102). Олардың губерниялар бойынша таралуы: Орынборда – ересектері – 138 339, балалар – 209 671; Ақтөбеде – ересектері – 171 389, балалар – 134 000; Қостанайда – ересектері – 217 365, балалар – 96 935; Оралда – ересектері – 123 600, балалар – 103 500; Бөкейде – 100 000 адам; Адай уезінде – 75 000 адам; Семейде – 5 616 адам; Ақмолада – ересегі – 92 000, балалары – 9 670 болды103. Қазақстан бір жыл ішінде шамамен 1,4 млн. адамынан айрылды. Кейбір деректер бойынша республика халқы 1921 жылы 3 596 999104 адам, оның 3 208 900-і ауылда, ал 388 099-ы қалада тұрған. Жоғарыда атап кеткеніміздей, Қазақ АКСР-інде 1922 жылдан бастап іріктелген санақ басталды. Мақсаты – аз қаржы жұмсап, халық, мал басы, егістіктегі өзгерістерді есептеп, қорытынды шығару. Шығынды азайту мақсатында Бүкілресейлік статистика орталығы іріктеу санағына болыстық санақшыларды пайдалануды ұсынды, бірақ Қазақ АКСР-інің көптеген губернияларында бұндай қызмет түрі болған жоқ әрі Қазақ АКСР-і аумағының шашыраңқылығы, халықтың жартылай сауатсыздығы, байланыс жүйесінің нашарлығы болыстық статистиктер арқылы іріктеу санағын жүргізуде жеткілікті нәтижелер бермеді. Сондықтан Қазақ АКСР-і статистика басқармасына қаржы қиындығына қарамастан экспедициялық әдісті қолдануға тура келді.
Бұл санақ түрінің формулярына мыналар кірді:
1) Мекендердегі үй қожайындарының тізімі;
2) Орал облысынан басқа губерниялардың барлығына арналған 1923 және 1924 жылдардың егістік пен мал басына, халық санына арналған тіркеу қағазы, яғни Орталықтың бағдарламасы бойынша әрбір шаруашылыққа арналып құрастырылған карточка;
3) Оған қосымша – астық-жемшөптік баланс карточкасы – ол Ақмола, Бөкей, Қостанай губернияларының әрбір төртінші шаруашылығына, Орынбор губерниясында сұрастырылған шаруашылықтың 100 %-ына арналып құрастырылды. Астық-жемшөптік карточка 1923 жылғы шаруашылық элементтерінің кіріс-шығысын, 1924 жылдың көрсеткішін тексеруге арналды.
4) Жергілікті нарықтың көлемі мен шаруашылықтың тауарлылығын анықтау мақсатында орталықтың бағдарламасы бойынша сұрастырылған шаруашылықтың 6–7 %-ызын қамтыған шаруа шаруашылықтарының нарықтық айналым карточкасы (Қазақ АКСР-і ОСБ-ның нұсқауымен кеңес шаруашылықтарына таратылған арнаулы карточка-анкеталар)105. Сонымен, 1923 жылғы ауыл шаруашылығы іріктеу санағы бойынша шаруа шаруашылықтарының жалпы саны 675 686, Адай уезін есептемегенде, 1920 жылғы Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы санағы бойынша тіркеуге алынған шаруашылықтардың
101
Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 75.
102
План работ ЦК ПомГол при КЦИК на 1922 – 1923 гг. – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 336-іс, 45 – 46-п.
103
Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 75.
104
Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев в КазАССР с 1880 – 1922 гг. Таблицы. – Оренбург, 1925. – С. 18 – 19.
105
Статистический вестник. 1924. № 4. – С. 139 – 140.