1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова

Читать онлайн.
Название 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Автор произведения К. А. Саркенова
Жанр История
Серия
Издательство История
Год выпуска 2011
isbn 9965-29-641-3

Скачать книгу

санақ көп жерлерде кешігіп жүргізілген, мысалы, Оралда санақ тек қыркүйектің 2-жартысында ғана басталған. Уақытша есепке алынбаған губернияларды есептемегенде, Қазақстанның халқы 2 913 681 адамды құрады85. Азамат соғысы жылдарында демографиялық процестің дамуы қала мен ауылдарда әртүрлі болды. Соғыстың аяғында ауыл халқы анағұрлым көбейді. 1920 жылы санақ жүргізілген уақыттағы есепке кірген 2 913 687 адамның 2 642 322-сі ауылдық жерде, ал 271 359-ы қалалық жерде тұрды86. Санақ материалдары өте құнды, дегенмен, бұл бір сәттік қана құбылыс.

Сондықтан сол уақыттың басқа да деректерін пайдаланған жөн.87

Солардың ішіндегі ең көңілге қонымдысы «Статистикалық-экономикалық шолу», себебі онда тек санақ материалдары ғана емес, сонымен қатар 1920 жылғы ауыл шаруашылығы санағы мәліметтері де келтірілген. 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілген санақ ауыл шаруашылығы саласындағы барлық ауыл халқын түгел қамтыды. Сонымен, Қазақ АКСР-інің қала, қала типіндегі кенттер, теміржол маңы, ауылдық жерлердің халқын қоса есептегенде халқы 4 781 263 адамды құрады:

Қала мен қала типіндегі кенттерде – 402 751;

Теміржол маңында – 18 695;

Ауылдық жерлерде – 4 359 817.

Қала мен теміржол маңының халқы толыққанды болмағанмен санаққа енді, бірақ Орал мен Қостанай губерниялары бойынша бұл категориядағы халық кірмей қалды. 1920 жылғы ауыл шаруашылығы санағы бойынша ауылдың халқы Қазақстан бойынша 4 369 930 адамды құрады, демографиялық санақпен салыстырғандағы айырмашылық 10 013 адам, яғни 0,2 % ауытқу болды. Бұндай ауытқушылық, бір жағынан есептеу тәсілінің айырмашылығынан, яғни демографиялық санақтың тек 1920 жылдың 28 тамызындағы халықты ғана қамтуы болса, ал ауылшаруашылық санағы бір күнмен шектелмей, халықтың есебін айлар бойы жинады. Екінші жағынан, ауылшаруашылық статистикасына сол саланың элементтері ескеріле отырып жүргізілген ауыл типіндегі Каширск секілді қалалар, Қазақ АКСР ОСБ-ы ескерусіз қалдыра алмаған 50 мың халқы бар Алтай губерниясының (Лаптев, Локтев, Угловск және Алексеевск) төрт болысының мәліметтері енгізілді. РКФСР ОАК Төралқасының 1921 жылдың 13 маусымындағы қаулысына сәйкес, «Экономикалық жағынан Қазақстанға жақын Алтай губерниясының қазақтары басым Змеиногорск уезінің88… Алексеев, Лаптев, Углов және Локтев болыстықтары Семей губерниясының қарамағына берілді. Кейін 1921 жылдың 21 қарашасындағы қаулы бойынша бұл аталған болыстықтар Семей уезінен бөлініп, Алтай губерниясының Змеиногорск уезіне қосылды»89. Және ауыл шаруашылығы санағының қорытындысына Астрахан губерниясы Красноярск уезінен Бөкей губерниясына қосылған Синемор, Сафронов, Ганюшкин және Николаев болыстықтары да енген жоқ90.

Ауыл шаруашылығы статистикасына қажетті түзетулерді енгізе отырып, яғни Каширск (8 153 адам) және Алтай губерниясының жоғарыда аталған төрт болыстығын (50 мың адам) алып тастап, ал Бөкей губерниясының аталған төрт болыстығын (15 363 адам) қосқанда, ауыл шаруашылығы санағы бойынша ауылдың бар халқы (теміржол маңын есептемегенде) 4 326 860 адамды құрады немесе демографиялық санақпен салыстырғанда, 32 957 адамға (0,75 %) артық болды91.

Ауыл шаруашылығы

85

Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – М., 1921. Т. 1. Вып. 2. С. 11 – 13; 15 – 17.

86

Сонда.

87

5 058 555 (Статистический ежегодник. 1918 – 1920. – М., 1921. Т. 8. Вып. 1. – С. 2 – 3); 4 781 261 (Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 62); 4 610 278 (Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев по КССР с 1880 по 1922 гг. Таблицы. – Оренбург, 1925. – С. 18 – 19).

88

Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (август 1920 – декабрь 1936). – Алма-Ата, 1959. – С. 17.

89

Сулькевич С.И. Административно-политическое строение СССР. – Л., 1927. – С. 171 – 172.

90

Сонда, 166-б.

91

Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 63.