Название | 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы |
---|---|
Автор произведения | К. А. Саркенова |
Жанр | История |
Серия | |
Издательство | История |
Год выпуска | 2011 |
isbn | 9965-29-641-3 |
Онда 1897 жылғы алғашқы Бүкілресейлік санақ пен 20-ғасырдың 60-жылдары аралығындағы қазақ халқының демографиялық тарихы сипатталған. Еңбекте 1920 – 1930 жылдардағы халықтың табиғи өсімі және РКФСР-ге, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Сібірге, шетелге қоныс аударған қазақтардың тарихы баяндалған. Автордың көрсетуінше 1926 жылғы санақ бойынша көршілес республикаларда 314 мың қазақ болса, ал 1939 жылдың санағынша олардың саны 453 мыңға жеткен. Сонда екі санақ аралығында (1926 – 1939) мигранттар есебінен қазақтардың саны РКФСР-да 2,3 есеге, Өзбекстанда – 1,7 есе, Түрікменстанда – 6 есе, Тәжікстанда – 7 есе, Қырғызстанда – 10 есеге артқан.
Ғалым М.Тәтімов басқа да еңбектерінде ұжымдастыру салдарынан болған демографиялық зардаптарды, яғни халықтың саны, құрамында болған өзгерістерді сипаттайды52.
1960 – 1980 жылдары бұл мәселе Ә.Ғалиев, Ф.Базанова, Н.Мышко, И.Никифоров еңбектерінде көрініс тапты. Ә.Ғалиев кеңестік тарихнамада алғаш рет 1926 жылдың санақ материалдары негізінде 20-жылдардағы Қазақстан демографиясын үш – этнодемографиялық, орналасуы, әлеуметтік-кәсіби аспектіде талдайды53. Жалпы бұл кезеңде Қазақстанның 1920 – 1930 жылдардағы халық тарихы өте аз зерттелді. Жоғарыда келтірілген еңбектерден басқа жоқ деуге де болады. Іргелі зерттеулердің өзінде халық саны, әкімшілік-аумақтық өзгерістер туралы мәліметтер жоққа тән. Осы мәселеге қатысты іргелі зерттеулер тек 1987 жылдан жариялана бастады. Оған М.Х.Асылбеков пен Ә.Б.Ғалиевтің «Социально-демографические процессы в Казахстане (1917 – 1980)» еңбегін жатқызуға болады. Онда Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық үрдістер – халықтың табиғи өсімі, ұлттық, әлеуметтік, аумақтық жас/жыныс құрамындағы өзгерістер, миграция және демографиялық саясат ретроспективті берілген.
90-жылдардың басында А.В.Топилиннің қазақстандық немістерге, ал П.М.Полянның 30-жылдары Қазақстанға зорлықпен қоныс аударғандар туралы мақалалары жарияланды54. Кейін 2001 жылы П.М.Полянның «Не по своей воле…: История и география принудительных миграций в СССР»55 монографиясы жарық көрді. Автор бұл еңбегінде депортацияланғандар мен арнайы қоныс-тандырылғандарды әлеуметтік, этникалық, конфессиялық категорияларға бөліп сараптаған. В.Н.Земсковтың56 «Спецпоселенцы в СССР, 1930 – 1960» монографиясы арнайы қоныстандырылғандар мәселесіне арналды. Онда автор осы контингенттің тууы мен өлім-жітімі, моральдық-тұрмыстық жағдайы, ұлттық құрамы, т.б. әлеуметтік-демографиялық сипаттарына талдау жасаған. Бірқатар мақалалар Қазақстан халқының жұмыспен қамтылу құрылымы және оның этникалық құрамын талдауға арналды57. Онда фактілік мәліметтерді талдау арқылы есептеу методологиясы қабылданып, негізгі беталыстар айқындалды.
1932 – 1933 жылдардағы ашаршылықтың салдарынан болған адам шығынына қатысты батыс тарихнамасында
51
Гущин Я.К., Кошелева Э.В., Чарушин В.Т. Крестьянство Западной Сибири в довоенные годы. 1935 – 1941. – Новосибирск. 1975; Московский А.С., Исупов В.А. Формирование городского населения Сибири (1920 – 1939). – Новосибирск. 1984; Терковский А.А., Пирожков О.К. Демографічні втрати УкрССР у 30-ті роки // Украінскі історичний журнал. 1989. № 8. – С. 24 – 35; Тәтімов М. Цифрлар шежіресі. – Алматы, 1968; Тәтімов М. Демография – халықтану (халықтың саны мен құрамын зерттеу). – Алматы, 1975; Татимов М. Демография – наука о народонаселении. – Алматы, 1984.
52
Тәтімов М. Цифрлар шежіресі. – Алматы, 1968; Тәтімов М. Демография – халықтану (халықтың саны мен құрамын зерттеу). – Алматы. 1975; Татимов М. Демография – наука о народонаселении. – Алматы, 1984. – 37, 45, 61-б.: Тәтімов М. Елбасы және ел саны: Сырсұхбат кітабы. – Алматы: «Арыс», 2009.
53
Галиев А.Б. К демографической характеристике КазССР (по материалам переписей 1926 г.) // Известия АН КазССР. Сер. общ.наук. 1978. № 4. – С. 42 – 48; Галиев А.Б. Из истории организации переписи населения 1926 г. в Казахстане // Вопросы социалистического строительства в КазССР. – Алма-Ата. 1978. Вып. 4; Галиев А.Б. Профессиональный состав и социальная структура населения КазССР по материалам переписи 1926 г. //Там же. – Алма-Ата, 1979; Галиев А.Б. К истории миграции населения Казахстана //Вестник АН КазССР. 1979. № 5. – С. 55; Галиев А.Б. Население Казахстана в конце восстановительного периода: численность, национальный и социально-профессиональный состав. – Алма-Ата, 1979.
54
Миграция населения. – М.: РАН, 1992.
55
Полян П.М. Не по своей воле…: История и география принудительных миграций в СССР. – М., 2001.
56
Земсков В.Н. Спецпоселенцы в СССР, 1930 – 1960. – М., 2003.
57
Проблемы социальной и демографической статистики. Сб. научных трудов. – М.: МЭСИ, 1992. – С. 31 – 34.