Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

тұрғындарын, астаналық зиялылар қауымын, епископтықтың бір бөлігін орталық өкіметтің төңірегіне топтастыруға тырысты.

      Иконға қарсы күресушілердің тірегі империяның шығыс провинциялары – Кіші Азия мен Армения болды. Исаврлар жариялаған иконға табынуға қарсы күрес билік құрушы әулеттің қолына күшті идеялық қару берді. Иконға табынуды жақтаушылармен құдайшылық туралы айтысты өте жоғары білімді зайырлы және діни элита жүргізді. Иконға қарсы күрес, күпірлік қозғалыс сияқты халықтың санасынан нәр алып отырды. ІV-VІІ ғасырлардағы күпірлердің бәрі несториандық, монофиситтік иконды құрметтеп, табынуға үзілді-кесілді қарсы шықты. Иконға қарсы күресушілер шіркеу байлығына, дінбасыларының бұзылғандығына наразылығын білдіріп, шіркеулік иерархияны жоюды талап етті. Еретиктік қозғалыс, әсіресе Армения мен Кіші Азияда кең өріс алды. Иконға қарсы наразылық пиғылы VІІ ғасырдың ортасында Византия империясының шығысында, батыс Армения қалыптаса бастаған «павликиандар» тобының арасына кеңінен тарады. Павликиандар қайырымдылық құдайы бар, оған қарсы тұрған зұлымдық құдайы да бар деді. Олар Христосты қайырымдылық құдайының баласы, періштелердің бірі деп түсінді. Павликиандар ілімі бойынша қайырымдылық құдайын зұлымдық құдайы жеңеді, сөйтіп, өзінің толық билігін орнатады. Павликиандықтар құдай анаға, пайғамбарлар мен әулиелерге, шіркеу мен дінбасыларына, монахтарға табынудан бас тартты.

      Шығыс провинциялардағы халықтарға, қандай да болса құдайдың, пайғамбардың, адамның түрін бейнелеу ерсілік деп есептейтін ислам дінінің идеялық ықпалы да зор әсер етті. Бірақ иконға қарсы күресушілер мен павликиандар одағы әрі әлсіз, әрі қысқа мерзімді ғана болды. Көп уақыт өтпей-ақ үкімет қолдаған иконға қарсы қозғалыс пен қуғындаушылықтағы еретиктік павликиандық қозғалыстың арасындағы әлеуметтік алшақтық одақты біржолата бұзды. Иконға табынушылар одағына ортодоксальді дінбасылары, фанатик-монахтар мен константинопольдік патриархия өкілдері бірікті. Олар халық бұқарасының біраз бөлігін, империяның еуропалық облыстарын өз жағына тарта алды.

      Иконға табынудың жалынды қорғаушысы Рим папасы болды. 726 жылы ІІІ Лев Исавр иконға табынуды тоқтатуды талап еткен кіші азиялық епископтарға қолдаушылық білдірді. 730 жылы императордың күшімен иконға табынуды жақтайтын патриарх Герман орнынан алынып, патриарх тағына иконға қарсы күресті қолдаушы Анастасий отырғызылды. Рим папасы дереу Германды қолдайтындығын білдірді, бірақ оның бұл әрекетінен түк шықпады.

      Империяда кескілескен саяси және идеялық күрес басталды. Оның ең жоғарғы шегі әкесінің саясатын жалғастырған жаңа император V Константин Исаврдың қамқорлығымен 754 жылы өткізілген иконға қарсы күрес соборы болды. Бұл собор храмда, жеке үйлерде иконға табынуға тыйым салды. Иконды құрметтеу «эллиндік», пұтқа табынушылық, күпірлік деп табылды да, оны қорғаушыларға қарғыс жарияланды. Иконға табынуды жақтаушылар мен иконға қарсы күресушілер арасындағы тартыс көпке дейін