Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

жерді өңдеп, пайдаланып, келісілген салықты – «канонды» төлеуге тиіс болды. Ерікті ұсақ жер иелерімен қатар ерікті ауылдық қауымдар – «митрокомиялар» сақталды.

      Әр жыл сайын жер салығының есебі жүргізілетін. Әр 15 жылдан соң салық мөлшері өте мұқият қайта тексеріліп, анықталып отырды. Жер салығы азық-түлікпен жылына үш рет жиналатын.

      І Юстинианның билік ету кезеңі. Юстиниан Македонияда тұрған қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келген. Оның ағасы Юстин әскерге аттанып, өзінің әскери мансабын дамытады. Әскерімен билікке келген ол өзінің інісін билікке тартып өзінің мұрагері ретінде қалдырады. Жаңа император батыл, ерікті, мықты стратег, ақылды және қызуқанды болды. Рим империясының саяси идеясына толығымен берілген І Юстиниан, өзін Рим империясын біріктіруші тұлға ретінде есептейді. Қандай қатал істерге барса да, импертордың барлық атқарған қызметі сол мақсатқа негізделді.

      Император І Юстинианға оның әйелі Феодора қолдау болды. Қарапайым биші әйел деңгейінен император жұбайына жеткен ол көптеген мемлекеттің саяси істеріне араласты, елшілерді қарсы алды, шіркеулік қызметтерге араласты.

      Ең бастысы, император мемлекет кірістерін арттыруға, әлеуметтік құрылым мен басқару жүйесін күшейтуге тырысты. Фискалды, әлеуметтік және саяси істерге көп көңіл бөліп, ол ірі жер иеліктерін әлсіретіп алды. Ол оның басшыларын жоғары дәрежелер мен мәртебеден айырды, тиісінше өзіне таныс емес адамдарға жоғары мансап берді. Император мемлекет қазынасындағы жер көлемін, мемлекеттік шеберханаларды ұлғайтуға тырысты. Ол шығысқа қарай Иранды айналып өтетін сауда жолдарының ашылуына көп көңіл бөлді. Жібектің шығарылу құпиясын білгеннен кейін (аңыз бойынша жібек қуыршақтарын Қытайдан несториандық монах жасырып әкелген) жібек өндіру Юстинианның кезінде Сирия мен Финикияда болды. Жібек өндіру мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс кіргізді.

      Византия империясының күшейген кезі І Юстиниан билік құрған кезі (527-565) болды. Өте білімді, еңбекқор, батыл, қатал әрі бірбеткей бұл император Рим империясын қайта қалпына келтіру үшін, яғни герман тайпалары жаулап алған Батыс Рим империясын қосып алу үшін күресті. Бірнеше соғыстар нәтижесінде Юстиниан Италияны, Солтүстік Африканы, Испанияның оңтүстік-батысын өз империясына қосып алды. Нәтижесінде Византия империясының аумағы бұрын-соңды болып көрмеген шектерге дейін ұлғайды. Юстиниан табыстарының сыры жүргізген реформаларында еді. Юстинианның аграрлық реформасы егін шаруашылығының дамуына ықпал етті. 536 жылы империяны әкімшілік жағынан басқару орталықтандырылды. Византияның өзге императорларындай емес, Юстиниан өнер мен сәулет өнеріне қатты көңіл бөлді, оны өзінің саяси-экономикалық мақсаттарына пайдаланып отырды.

      Юстиниан таққа отырған екінші жылы «Азаматтық құқықтар жинағын» жасауға кіріседі. 529 жылы арнаулы топ құрып, оған қолда бар заң туралы материалдарды жинақтап, оны дәуір талаптарына сай өңдеуге, қайшылықты тұстарын алып тастауға жарлық береді.