Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

атты әскер құру мен жер пайдаланудағы өзгерістердің арасында қандай байланыс бар?

      6. Бүкіл христиан-католиктердің басшысы бола тұрып, папаға жеке мемлекет неге қажет деп ойлайсыздар?

      7. Ұлы Карл империясы мен Рим империясының қандай ортақтығы және айырмашылығы бар?

      8. Верден шарты бойынша Ұлы Карл империясы қалай бөлінгенін картадан көрсетіңіздер. Империяның ыдырау себебін түсіндіріңіздер.

      4-тарау

      ІV-ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫ

      § 1. ІV ғасыр мен VІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Византия

      330 жылы император І Константин Рим империясының астанасын шығысқа, Византия қаласына, Босфордағы көне Мегар аймағына көшірді. Жаңа астананы император Константиннің құрметіне «Константин қаласы» деп атады (Константинополь). Византияның шығыс провинциялары өнімді жерлер мен жақсы климаттық зонада орналасқан аймақтардан тұрады. Бұл жерлерде көптеген пайдалы қазбалар (алтын, күміс, мыс, темір), мұнай көздері, теңіз мраморлары және басқа да минералды қорлар, сонымен қатар мәдени деңгейі жоғары адамдар тығыз орналасты. Жаңа астананың орны ұтымды таңдалып, сауда жолдарының торабында орналасты. Ол батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті байланыстырды және де қарқынды мәдени алмасу орталығында болғандықтан, Еуропадағы ірі қалалардың қатарына жедел қосылуға мүмкіндік алды.

      Жалпы шығыстағы Византия империясының құрылуы 395 жыл болып саналады. Осы жылы Рим империясының императоры І Феодосий өліп, империяның Батысын Гонорий, Шығысын Аркадий деген балаларына мұра етіп қалдырды. Осы жылдан кейін империяның екі бөлігі қосылмай, әрқайсы өзіне тән қоғамдық даму жолдарынан өтті. Шығыс Рим империясының астанасы Константинополь бұрын «Византий» деп аталғандықтан, ХV ғасырдың екінші жартысынан кейін тарих сахнасынан кеткен империя «Византия империясы» деп атала бастады.

      Рим империясының астанасын Босфор (түрік. Қара теңіз бұғазы, грек. Bospors) бұғазына көшірудің саяси-экономикалық, мәдени маңызы зор болды. Себебі ол Еуропа мен Азияның арасындағы, Қара теңіз бен Эгей теңізі арасындағы сауда жолдарының қиылысатын жерінде орналасқан. Жаңа астана Шығыс пен Батыс арасындағы «Алтын көпір» деп аталды. Константинополь құрғақтан да, су жағынан да жақсы қоршалған әскери-стратегиялық орталық болды. 395 жылы Шығыс Рим империясының құрамына империядағы 14 диоцездің жетеуі кірді: Египет, Азия, Понт, Фракия, Македония, Дания, Шығыс. Византия империясы Еуропаға, Азия мен Африкаға созылып жатты. Халқының құрамы ала-құла болды: гректер, копттар, еврейлер, арабтар, иллириктер, армяндар, грузиндер. Латын халқы аз болса да VІІ ғасырға дейін латын тілі Шығыс Рим империясының мемлекеттік тілі болып келді. Кейін оны грек тілі ығыстырды. Шығыс Рим империясының құрамына Балқан жартыаралы, Кіші Азия, Солтүстік Месопотамия, Армения мен Грузия жерлерінің біраз бөлігі, Сирия, Палестина, Египет, Киренайка, Кипр, Крит, Родос және Шығыс Жерорта теңізінің біраз аралдары, Қырымның оңтүстік жағалаулары