Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

астындағыларға тең жүргізілді. Салықтың негізгі түрі жерге салынатын салық. Онда жердің көлемі мен сапасы ескерілді. Ерте Византияда салық натуралды түрде (бидай, шарап, зәйтүн майы және т.б.) алынды. Әр 15 жыл сайын тексеріліп, реттеліп отырды. Тексеру кезінде салық төлеушінің салық түрі, салық көлемі қайта қаралды. Қайта қарау кезінде салық көлемінің ұлғаюы ғажап емес, себебі бұл сол кездегі Византияның дәстүрінде болған. Мемлекеттік қазынаға жалдамалылар да, құлдар да салық төлеген.

      Салық төлеуге заңды түрде жер иесі жауапты болды. Сондықтан жерді жалдаушы адамның салықты уақытында төлеуі, жер иесі үшін маңызды еді. Шаруалар, сонымен қатар қожайынға төмен бағамен азық-түлік әкеліп, мемлекеттік жұмыстарды (жолдар салу, көпірлер мен үйлер тұрғызу, жүктерді тасымалдау, т.с.с.) қоса атқару керек болды. Салық пен міндеттен қала тұрғындары да босатылмады. Шаруалар мен қала тұрғындарының салықтары мемлекет қазынасының басым бөлігін құрды. Оған қоса императорлардың өздері берген және мемлекеттік шеберханалар мен жерасты пайдалы қазбалардан түсетін қаржы да елеулі орын алды.

      Империя территориясы әкімшілік аймақтарға – провинцияларға бөлінді. Азаматтық басқаруды императордың наместниктері жүргізді. Әскери билікті (әскердің құрылуын, оның жабдықталуы мен оқуы, шекараны күзету және әскери істі басқару) әскербасылар мен император тағайындаған тұлғалар атқарды.

      Христиан шіркеуінің құрылуы. ІV ғасырдың ортасынан христиан діні бүкіл Рим империясында ресми дін болып танылды. Бұл дін мемлекет тарапынан қолдау тауып толық орнайды. Әсіресе Рим, Александрия және Антиохия шіркеулері үлкен ықпалға ие болды. Ресми түрде олардың басымдылығы «Бірінші (Никейлік) Әлемдік соборда» айтылды. Бас шіркеудің басшысы ретінде оған Рим папасынан кейінгі «дәрежесі» бойынша екінші орын берілді. Константинополь территориясы, олардың құқықтары 451 жылы халкидондық соборда бекітілді. Шіркеу басшысы «патриарх» деп аталды. ІV ғасырдың соңына қарай шығыс пен батыс шіркеулерінің басқаруы мен шіркеу салттары арасында айтарлықтай айырмашылықтар байқала бастады.

      Христиан дінінің мемлекеттік дінге айнала бастауымен шіркеудің материалдық жағдайына да көңіл бөліне бастады. VІ ғасырдың ортасына қарай шіркеудің жер көлемі мен байлығы империя үйімен теңгерілді. Сонымен қоса шіркеу қарамағында шеберханалар мен кіріс үйлері де болды. Шығыс шіркеуінің батыс шіркеуден түбегейлі айырмашылығы болды, дегенмен ол мыңжылдықтар көлемінде мемлекеттің билігіне бағынды және оның одақтасы болды. Империяның барлық территориясы тек әкімшілік аймақтарға ғана емес, шіркеу иерархиясына бөлінді. Империяға бағынушылар жергілікті және рухани екі биліктің бақылауында болды.

      Шіркеу ұйымдарының құрылуымен, материалдық базаның нығайуы империяда монах институтын қалыптастырады. Шіркеулер мен монастырьларға жоғарғы билік үнемі қолдау көрсетіп отырды. Оларды салықтардан, міндетті жұмыстардан босатты. Шіркеу басшылары қарамағындағыларды