Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

Рим империясын қалпына келтіруге византиялықтарға не кедергі келтірді?

      5-тарау

      ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ ЕУРОПА

      § 1. Батыс Еуропадағы феодалдық құрылыстың негізгі сипаты

      ІХ-ХІ ғасырлар аралығында феодализм Батыс Еуропаның көптеген елдерінде орнығып болды. Феодалдандыру процесінің аяқталуы күрделі жағдайда өтті, бірін-бірі алмастырған тұрақсыз мемлекеттік бірлестіктер пайда бола бастады. Осындай өзгерістердің барысында Еуропада жаңа, феодалдық қоғамның нұсқасы көріне бастады. Ерте орта ғасырлардың аяғына қарай Еуропаның саяси картасы қатты өзгерді. Толып жатқан варварлық корольдіктердің орнына біршама тұрақты феодалдық мемлекеттер пайда болды. Кейін қазіргі замандағы ұлттар деңгейіне көтерілген жаңа халықтардың қалыптасу процесі одан әрі дами түсті.

      Каролинг империясы құлағаннан кейін 843 жылғы Верден шартының нәтижесінде іргесі бекіген үш мемлекеттен келесі ғасырларда Франция мен Германия ғана одан әрі өмір сүрді. Саяси және этникалық тұтастығы жоқ, Лотарь мемлекетінің тағдыры басқаша қалыптасты. Бұл мемлекет Лотарь өлгеннен кейін ыдырады да, оның орнына жаңадан үш корольдік пайда болды: Италия (Солтүстік және орта Италияны қоса есептегенде), Прованс (Рона алқабы мен Жерорта теңізі жағалауында) және Лотарьдың ұлы – ІІ Лотарьдың есімімен аталған Лотарингия. 870 жылы Мерсен бітімі бойынша Франция королі (Батыс Франк корольдігі) мен Германия королі (Шығыс Франк корольдігі) Лотарингияны өзара бөлісіп алды. Германия солтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігін иемденіп, Францияға оңтүстік-батыс бөлігі қосылды. Бұдан кейінгі уақыттарда Лотарингия немесе оның жеке аймақтары біресе Германия, біресе Франция қолына көшіп отырды, сөйтіп, екі ел арасындағы күрестің негізгі аренасына айналды. Х ғасырдың басында (925) Лотарингия Германияның құрамына кірді де, 959 жылы екі герцогтікке бөлінді, жоғарғы Лотарингия (кіші Лотарингия аты сақталып қалған Мозель өзені ағысы бойындағы аймақ) және төменгі Лотарингия (кейін Брабант, Геннегау, Люксембург, Кельн архиепископтығы және басқа да бірнеше феодалдық иеліктерден құрылған Шельда, Маас, Рейн арасындағы аймақ).

      ІХ ғасырдың аяғында Прованс пен оған қарасты аймақтардан екі Бургунд корольдігі – 879 жылы Төменгі Бургундия (Сона мен Рона бойымен Жерорта теңізіне дейінгі жерді иемденген) және 888 жылы жоғарғы Бургундия (Сона мен Рона беткейінен Альпіге дейінгі жер) құрылды. Бұлар Х ғасырда (933) бірыңғай Бургундия корольдігіне бірікті. ХІ ғасырда (1033) Бургундия корольдігі Германия империясының құрамына кірді. Бұлардан басқа Франция территориясында (Луара мен Сона аралығында) ІХ ғасырда Франция корольдігінің құрамында Бургундия герцогтігі пайда болды.

      Верден бітімі бойынша Ұлы Карлдың немересі Лотарь, ал Лотарь өлгеннен кейін оның баласы ІІ Людовиг король болған Италия біртұтас мемлекет болған жоқ. Х-ХІ ғасырларда әртүрлі феодалдық күштердің шиеленіскен ішкі күресі мен жиі-жиі жасалып тұрған сыртқы шабуылы жағдайында біраз феодалдық мемл�