Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов

Читать онлайн.
Название Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2230-8



Скачать книгу

да, түйсіну сезіміне негізделген аппаратура жақында пайда болды. Түйсіну құрылғыларының басқа интербелсенді құрылғыларынан айырмашылығы сезіну қабілеттілігі мен ақпарат жөнелту қабілеттілігі болып табылады. Осылайша, түйсіну интерфейстерінің дизайнерлері екі маңызды жағдайды қарастырады: түйсіну сезімі (жанасу сезімі) және «кинестетикалық» (kinesthetic) сезім (сезім, дене қайда орналасқан). Бұл құрылғылар жалпы ортақ ерекшеліктерге ие: олар қимыл мен жағдайлар туралы ақпарат алатын әрі берілген нүктедегі күш шамасын қайтаратын PHANToM сияқты күштің кері байланыс құралдарымен жабдықталған. Осылайша, пайдаланушы дененің сыртқы бетіне жанасу кезіндегі әртүрлі қысымдар қабаты арқылы қозғалыстағы объектінің формасын сезінуі мүмкін.

      Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде пайдаланушы интерфейсін ұйымдастырудың екі түрлі тәсілі қалыптасқан. Біріншісі тарихи ерте кезде қалыптасқан пайдаланушыға жеке командалар түрінде безендірілген программа жүктелетін командалық тілді беретін тәсілден тұрады. Бұл тәсіл командалық жолдар интерфейсі (ағылш. Command Line Interface – командалық жолдар интерфейсі, CLI) деген атпен белгілі.

      Балама тәсіл пайдаланушыға тінтуірдің немесе басқа да координаталық енгізу құрылғысының көмегімен әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беретін экрандағы – икон (icons) кескіндері түріндегі символдық бейнелерден тұрады. Бұл тәсіл пайдаланушының графикалық интерфейсі атымен белгілі.

      GUI (екі өлшемді) ішкі класының бірін WIMP аббревиатурасымен белгілеу қабылданғанын жоғарыда айтып кеттік, ол іске қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін – терезе, пиктограммлар, мәзір және позициялаушы құрылғылар (тінтуір) болып табылады. Интерфейстің нақ осындай түрі 1984 жылы Macintosh-пен бірге кең таралымға ие болды, кейіннен бұл дербес компьютерлерге арналған Windows-қа көшірілді де, Windows бүгінгі күнге дейін басымдылыққа ие болуда.

      Заманауи ОЖ-ларды дайындаушылар әдетте екі тәсілді де жүзеге асыруға керекті құралдармен әрі көбінесе екі типтегі интерфейстерді де пайдаланатын қабықшаларды әзірлеу құралдарымен қамтамасыз етеді. Олардың артықшылықтарын салыстырайық.

      CLI артықшылықтары.

      Сәтті жобаланған командалық тілдер өңдеудің жоғары жылдамдығын, жүйе ресурстарын тиімді және үнемді қолдануды қамтамасыз етеді. GUI-мен салыстырғанда олардың алгоритмдік толықтылығы командалық тілдердің маңызды артықшылығы болып табылады. GUI-де пайдаланушы программаны дайындаушы салған иконкалар немесе мәзірдегі пунктілерді құрастыру сияқты мүмкіндіктермен шектелген, ал командалық тілдер кез келген алгоритмдік тапсырмаларды, тіпті тілді дайындаушы ешқашан ойламаған есептерді де шешуге пайдаланылады.

      Пайдаланушы интерфейстері саласындағы соңғы жетістік – сөзді тану және дауыспен басқару, бұл негізінен командалық тілге қайту болып табылады, себебі бұл жердегі айырмашылық тек команда сөзбен айтылады.

      Заманауи интербелсенді командалық процессорлар командалық тілдердің алдыңғы ұрпақтарының барлық проблемаларын шеше алады.

      Командалардағы