Название | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
---|---|
Автор произведения | Коллектив авторов |
Жанр | Учебная литература |
Серия | |
Издательство | Учебная литература |
Год выпуска | 2017 |
isbn | 978-601-04-2230-8 |
3.2. Операциялық жүйе
ОЖ – ЕЖ-лерде орны бар барлық қызметтерде жетекші реттеуіш ретінде қызмет атқаратын жүйелік ПҚ-ның түрі. Бұл сіздің компьютеріңіздің платформамен үйлесімділік факторларының бірі. Дербес компьютерлердің көбі алдын ала, мысалы Microsoft Windows немесе Mac OS (3.3-сурет) сияқты ОЖ орнатылып сатылады. Ал Linux сияқты кейбір ОЖ, әдетте жоғары сапалы автоматтандырылған жұмыс орындары мен серверлері үшін пайдаланылады, бірақ дербес компьютерге де орнатуға болады.
3.3-сурет. Дербес компьютерлерде орнатылған операциялық жүйе
ОЖ, жоғарыда айтып кеткеніміздей, компьютерді қосқанда жүктелетін программа. Ол қолданушымен сұхбатты, компьютерді басқаруды, оның ресурстарын жүзеге асырады, басқа қолданбалы программаларды іске қосады. ОЖ пайдаланушыға және қолданбалы программаларға дербес компьютер құрылғыларымен ыңғайлы қатынау (интерфейс) тәсілімен қамтамасыз етеді.
ОЖ:
– ядродан;
– командалық модульден;
– драйверлер кешенінен;
– сервистік утилиттерден;
– қабықшадан тұрады.
ОЖ ядросы – оның барлық әрекеттерін қосатын, басқа программалардың жұмысын және компьютерлік жүйе компоненттерінің жұмысын ұйымдастыратын ОЖ-ның негізгі бөлігі. ОЖ-ның ядросында болып жатқан үрдістерді ұйымдастырушы программа-аппараттық қызмет деп атауға болады.
Командалық модуль функциясы пайдаланушының командаларын компьютерде орындау болып табылатын программа.
Драйверлер – бұл ОЖ-дан аппараттық құрылғылардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы программалардың тұтас бір ішкі кешені, басқаша айтқанда, периферияның, компьютерлік жинақтауышының ОЖ-ны басқаруға арналған нұсқаулық екені белгілі.
Утилиттер – әртүрлі есептерді орындау үшін ПҚ-мен өзара әрекеттесетін қосымша программалық орта.
ОЖ-ның қабықшасын пайдаланушы үшін GUI (ағылш. Grafical user interface – пайдаланушының графикалық интерфейсі) графикалық интерфейс – кез келген компьютерлік құрылғының дисплейінен пайдаланушы көре алатын интерфейс ең маңызды элемент болып табылады. ОЖ-ның графикалық қабықшасы негізінде дербес компьютерлер пайда болды.
Компьютердің кез келген компоненті мен оларға мүмкіндік беретін: орталық процессор, оперативті немесе сыртқы жады, сыртқы құрылғы, программа және т.б. ОЖ-ның ресурсы болып табылады.
Компьютерді қосқан кезде ОЖ жүктелетіні белгілі. Ол пайдаланушыға ЕЖ-мен ыңғайлы сұхбаттасу (интерфейс) тәсілін ұсынады. Бұл жерде интерфейс программалық және пайдаланушы интерфейсі болуы мүмкін.
Программалық интерфейс – бұл ЕЖ-нің саласында құрылғы мен программаның өзара әрекетін қамтамасыз ететін орталардың жиынтығы.
Пайдаланушы интерфейсі – бұл программамен немесе компьютермен пайдаланушының өзара әрекетінің программалықжәне аппараттық құралы. Өз кезегінде пайдаланушы интерфейсі командалық немесе объектіге бағдарланған