Название | Жалпы гидробиология |
---|---|
Автор произведения | Б. Минсаринова |
Жанр | Учебная литература |
Серия | |
Издательство | Учебная литература |
Год выпуска | 2017 |
isbn | 978-601-04-2166-0 |
1975-1981 жылдар аралығында Арал теңізінде ескекаяқты шаянтәрізділердің 23 түрінен 16 түрі есепке алынды, Арал теңізіне тән коловраткалардың 19 түрінен 1976-1980 жылдары тек 6 түрі ғана сақталып қалды (Андреев, 1999).
1997-1999 жылдары тұздылығы Кіші теңізден жоғары болатын Бутаков бұғазында және Кіші Аралдың акваториясының басқа учаскелерінде жүргізілген гидробиологиялық зерттеулер суқоймасының гидрологиялық-гидрохимиялық өзгерістеріне байланысты теңіздің зоопланктон құрамында біршама байқалатын өзгерістердің болғанын көрсетті. Су тұздылығының төмендеуі Сырдария өзенінің сағасы мен Кіші Аралдың экожүйесіне оң әсерін тигізді. Зоопланктон мен зообентос құрамында ащылаусулық омыртқасыздардың молшылығы артқаны байқалды.
1996 жылы 90-жылдардың бірінші жартысымен салыстырғанда Syncheta туысының коловраткаларының саны күрт көбейгені (1993 жылғы 430 дана/м3-тан 12-59 мың дана/м3-ге дейін) тіркелді. 1999 жылы қыркүйекте бұл топтың саны өте жоғары (1,5-22 мың дана/м3) болды. Осылайша, 1990 жылдардың екінші жартысында коловраткалар Кіші Аралдың зоопланктонында басым топтардың бірі болып қалды.
Зоопланктонда қайтадан каспийлік бұтақмұртты шаянтәрізділердің Podonidae тұқымдасына жататын Podonevade camptonyx және Evadne anonyx түрлерінің саны артты. Олар бұрынғы жылдардағыдай Бутаков бұғазында кездеспеді. Бұл шаяндар ұзақ уақыт бойы Арал теңізінде де кездеспеді, өйткені судың тұздылығы жоғары болды, құрып кетудің алдында тұрды, тек 2000 жылдардың басында қайтадан пайда болды және олардың саны бұрынғы деңгейіне дейін қалпына келді.
Ащылаусулық формалар, мысалы, Diaptomus salinus ескекаяқты шаяны, коловраткалар мен бұтақмұртты шаянтәрізділердің алуантүрлілігі төмен болды.
1990 жылдардың аяғына қарай Үлкен Аралдың суының тұздылығының артуына қарай барлық фаунада күрт өзгерістер болды. Белсенді осмосреттеуге қабілетсіз болғандықтан шығу тегі теңіздік түрлер жойылды. 1997 жылы тұздылық 57‰-ге жеткенде зоопланктонда басым болған Calanipeda aquaedulcus шаяндары, Synchaeta sp. коловраткалар жойылды. 1996 жылы Үлкен Аралға голофил Artemia parthenetica жіберілді. 2004 жылы батыс Үлкен Аралда голофилді Apocyclops dengizicus копеподы пайда болды. Тұздылығы біршама жоғары шығыс Аралда тек Artemia parthenetica мекендейді. Үлкен Аралға эвригалинді галофилді сауытты Eucypris inflate шаяны енгізілді.
Арал теңізінің зообентосының түрлік құрамы зоопланктонның түрлік құрамы сияқты 3 топқа бөлінеді: 1-атыраулық көлдер мен тұщыланған бұғаздарда мекендейтін түрлер (тұздылық 3-5‰-ден төмен); 2-тұздылық 3-5‰-ден жоғары суларда мекендейтіндер; 3-тұздылығы 10,2‰-ге дейін болатын ашық теңізде кездесетіндер.
1874-1971 жылдардың аралығында ашық теңіздің зообентосының құрамында 41 түр мен түршелер анықталған, олардың ішінде буылтық құрттар – 7, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер – 5, насекомдар – 17 және моллюскалардың 12 түрлері мен түршелері болды.
Арал теңізінде кездескен барлық азқылтанды құрттар – тұщы суларға тән кең таралған түрлер, бірақ олар тұздың белгілі концентрацияларына