Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Читать онлайн.
Название Жалпы гидробиология
Автор произведения Б. Минсаринова
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2166-0



Скачать книгу

Олар бірқатар себептермен түсіндіріледі. Судың тасуы мен қайтуы қоректік заттардың қарқынды түрде араласуын қамтамасыз етеді. Эстуарийлер үшін өсімдіктер мен жануарлар арасындағы кеңістіктік байланыс тым жақын, ол заттардың айналымын жеңілдетеді. Суда бір мезгілде барлық фотосинтездеуші өсімдіктердің тіршілік формаларының – фитопланктонның, микрофитобентостың және макрофитобентостың – болуы эстуарийді мекендеуші жануарларды алғашқы қорекпен қамтамасыз етеді, ал бұның өзі оның санының артуына себепші болады.

      Батпақтар. Бұл үстін толықтай не жартылай өсімдік басқан аса терең емес судың жиналуы. Батпақтың өзіне тән белгісі – мүк және басқа да гидрофилді өсімдіктердің өлуінен шымтезектің пайда болуы. Сумен толуына, пайда болу орнына және өсімдіктер құрамына байланысты батпақтар сайлық немесе эвтрофты, қырлық немес олиготрофты және өтпелі немесе мезотрофты деп бөлінеді. Сайлық батпақтар ойлы-сайлы рельефті жерлерде орналасады, оның беті ойыс немесе тегіс, қоректену, негізінен, грунттық сумен, өзен жайылмаларымен, жерүсті суларымен және жауын-шашынмен қамтамасыз етіледі. Қырлық батпақтар биік жерлерде орналасады, беті дөңестеу болады, атмосфералық жауын-шашын суларымен толады. Өтпелі батпақтар жоғарыда айтылған көрсеткіштер бойынша аралық жағдайға ие болады.

      Батпақты мекендеушілер түрлік құрамы және сандық құрамы жағынан да кедей. Бұлардың жағымсыз жағы суында гумин заттарының көп болуы, оттек концентрациясының төмен, қышқылдығының жоғары, әсіресе қырлық батпақтарда болуы (рН-5). Көпшілік жағдайларда батпақтар биогендерге, ең алдымен қырлық, кедей, өйткені оларды қоректендіретін атмосфералық жауын-шашында тұздар жоқтың қасы. Су қабатына грунттан биогендердің түсуіне астындағы торф қабаты жол бермейді.

      Сайлық батпақтарда оксилофит өсімдіктерден жасыл мүктер, өлеңшөптер, қырықбуындар, айырауықтар, қамыстар өседі. Қырлық батпақтарға сфагнум мүктері, ұлпабастар, мүкжидектер тән. Көктемде балдырлардан талшықтылар кездеседі, олар жазда фитопланктон құрамынан шығып қалады. Қырлық батпақтарда зоопланктон өкілдерінен коловраткалар (Poyarthra, Platuptera, Keratella және Monostula virga), бұтақмұрттылар (Сeriodaphnia, Chydorus және Polyphemus), ескекаяқтылар (Acanthocyclopus) өкілдері кездеседі. Сайлық батпақтарда Culex және Anopheles масалардың дернәсілдері басым болады.

      Батпақты суқоймаларында зообентос кедей, ол ең алдымен сутүбі қабатындағы газ режимінің қолайсыздығына (оттек концентрациясы төмен, метанның бөлінуі және басқа улы газдардың бөлінуі) байланысты. Су қышқылдығының жоғары болуына қарай бұл жерлерде известі қаңқасы бар жануарлар кездеспейді.

      Жерасты сулары және оны мекендеушілер. Бос су тау жыныстарындағы ірі капиллярлар және басқа да қуыстарды толтырады және осылайша әртүрлі тереңдікте сусақтағыш горизонттар қалыптасады. Жерасты суларының ішінде гидробионттардың биотопы үшін маңыздылары үңгірлік және аралық (интерстициалдық) сулар болып табылады. Жерасты суларын мекендеушілер троглобионттар деп аталады.

      Үңгірлік сулар. Известняктардың,