Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Читать онлайн.
Название Жалпы гидробиология
Автор произведения Б. Минсаринова
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2166-0



Скачать книгу

көрсеткіші де жоғары болады. Аз қылтанды құрттар (олигохеттер), насекомдардың дернәсілдері, моллюскалар өте көп дамиды. Бұл биоценозда оттекті аса көп талап етпейтін жануарлар басым болып келеді.

      Өзендерде бентостың орналасуы оның түрлік құрамы және биомассасының бастаудан сағаға дейін өзгеру заңдылықтарымен ерекшеленеді. Таулы өзендердің жоғарғы ағысында, су ағысының жылдамдығы жоғары болатын, грунттар ірі тастардан тұрады және бұнда реофилді организмдер басым болады. Таулы өзендерде тіршілік ететін реобионтты организмдердің өзіндік бейімделушіліктері бар. Олар: денесі майда, бекініп немесе баяу қозғалып тіршілік етеді. Дернәсілдерінің денесі дорсо-вентралды бағытта жалпақ, яғни судың ағысына қарсы тұра алады (Ephmeroptera, Plecoptera). Сол сияқты реобионтты формалар тырнақтармен (Trichoptera), сорғыштармен Dyphlobotridae қосқанаттылардың дернәсілдері субстратқа жабысып тұрады әрі баяу қозғалады. Шыбындар мен жылғалықтар қуыршақтары қозғалмайтындай болып бекінеді.

      Біркүндіктер (Ephemeroptera отряды) таулы өзендердің мекендеушілері, олар тасты грунта тіршілік етуге өте жақсы бейімделген. Iron туысына жататын реобионттар өкілдерінің дернәсілдері мен нимфаларының денесі жалпақ, оның үстіңгі беті тегіс, өте сусымалы болып келеді. Бас қалқаны өте жалпақ, алдыңғы шетімен тасқа мықты жабысады. Кеңірдекті желбезектерінің сыртқы шеті жіңішкерген, алдыңғы және артқы жұп жапырақшалары ішке қарай оралған және бірін-бірі шамалап жапқан, дернәсілдері тас бетінде тұра алатындай жалған сорғышқа айналған. Ephmerella туысының өкілдерінің дернәсілдерінің денесі жалпақ емес, желбезек жапырақшалары өте күшті редукцияға ұшыраған және арқа жағына қарай жылжыған, бас қалқаны жалпақ емес. Бірақ олардың күшті ағыста мекендеуіне өте мықты аяқтары, әсіресе алдыңғы, бейімделген, олар күшті тұяқтармен жабдықталған.

      Көктемдіктердің (Plecoptera отряды) дернәсілдерінің денесінің жалпақтануы шамалы. Көктемдіктердің нимфаларына тән бейімделушіліктері сол олардың күшті, талтайып басатын аяқтары мықты тұяқтармен жабдықталған (7-сурет) және барлық денесімен тасқа жабыса алады.

      7-сурет. А. Көктемдіктердің – Plecoptera; Ә. Біркүндіктердің – Ephemerella дернәсілдері (Федоров бойынша, 2006)

      Таулы өзендердің ағынында мекендейтін жылғалықтар (Trichoptera отряды) аз қозғалады және субстратқа бекініп тіршілік етеді. Көптеген жылғалықтардың дернәсілдері үйшіктерде мекендейді. Олардың дене мөлшері 10 мм-дей. Сілемей бездерінен бөлінген шырыштың көмегімен майда заттарды (құм өсімдіктердің қалдықтары, талшықтар) жинап, үйшіктерін құрастырады. Егер айналасы тыныш болса, дернәсілдер өздерімен бірге үйшігін алып жүреді. Жүру барысында дернәсіл басын, кеудесін және 3 жұп жүргіш аяғын алға шығарып, қозғалады. Қауіп төнген жағдайда үйшігінің ішіне толықтай кіріп кетеді (8-сурет).

      8-сурет. 1 – Жылғалықтардың дернәсілдері мен үйшіктері. 1, 2 – стенофиланың (Stenophylax) дернәсілі мен үйшігі, 3 – Фриганеланың (Phryganea striata), 4,5,6 – әртүрлі жылғалықтардың