Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Читать онлайн.
Название Жалпы гидробиология
Автор произведения Б. Минсаринова
Жанр Учебная литература
Серия
Издательство Учебная литература
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2166-0



Скачать книгу

литоралдық түрлерінің балықтарға деген уыттылығы 20 %-ында болады, ал Мексиканың оңтүстік шекарасында 75 %-ға дейін өседі. Ендіктерден экваторға жылжыған сайын бентостағы жануарлардың пелагиалды дернәсілдері бар түрлерінің арасында ұзақ жасайтындардың үлесі артады. Бірте-бірте ұзақ өмір сүретін өсімдікқоректі балықтардың саны көбейеді. Төменгі ендіктерде, негізінен, даму циклы қысқа және өсімталдылығы жоғары жануарлар басым болады, өйткені биотикалық қатынастар күрделене түседі.

      Әртүрлі тереңдікті мекендеушілер. Гидробионттардың тіршілік жағдайы су түбіне қарай өзгереді. Жарық өте мол болатын үстіңгі қабатта фитопланктон аз болуы мүмкін, бірақ 5-10 м тереңдікте оның саны максимумға жетеді. Фитопланктон негізгі пикноклиннің төменгі шекарасына дейін (80 мге дейін) кездеседі. Оның астында жоғары қабаттарға қарағанда балдырлардың саны 50-100 рет төмен болады.

      Су түбіне қарай мезозоопланктон және макрозоопланктонның алуантүрлілігінің өзгеру сипаты да әртүрлі болады. Мезопланктон тереңдікке қарай бір қалыпты азайып отырады, ал макрозоопланктон судың жоғарғы бетіне жақын қабатында әдетте өте аз болады, 500-100 м тереңдікте ең көп, одан ары оның саны ақырындап кемиді.

      Тереңдікке байланысты нектонның алуантүрлілігі және саны төмендейді, жекеленген балықтар кейде 7-8 км терендікте де кездеседі. Олардың арасында алғашқы реттік және екінші реттік тереңдікте мекендеуге бейімделгендер бар. Алғашқы реттік тереңдікте мекендеушілерге отрядтарының, туыстарының барлық түрлері әртүрлі тереңдіктерде тіршілік ететін және географиялық таралуы өте кең болатын балықтар (қармақшылар, жарқырауық анчоустар, дәуауыздар және басқалары) жатады. Екінші реттік тереңдіктерде мекендеушілер ірі таксондар түзбейді және ареалдары аса кең болмайды. Бұларға көбінесе кейбір алабұғатәрізділер жатады.

      Фитобентос және зообентос құрамы да тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Супралиторалда фитобентос аз дамиды, негізінен, маусымдық формалардан (майда балдырлар және қыналар) тұрады. Жоғары литоралда фитобентос арасында сусыздануға ұзақ уақыт шыдайтын (порифелалар) түрлер басым болады. Орта литоралда фитопланктонның биомассасы артады. Литоралдың төменгі жағында фитобентостың дамуы ең жоғары болады, бұл жерлерде ламинариялар басым.

      Сублиторалдың жоғарғы қабатында балдырлар өте көп, әсіресе жасыл және қоңыр балдырлар болады. Төменірек қызыл балдырлар басым, олардың қызыл пигменттері күн жарығын пайдалануын жоғалтады. Сублиторалдың төменгі шекарасы тропикалық зоналарда 150 м, қоңыржай салқын суларда 50-80 м, ал полярға жақын аймақтарда 20-40 м болады.

      Батиалда еркін тіршілік ететін теңіздік көпклеткалы омыртқасыздардың 40-тан аса кластарының өкілдерінен абиссалда 36 түрі мекендейді, 6-7 км тереңдікте – 32, 10 км тереңдікте тек 8 кластарының өкілдері (кораллдар, көпқылтандылар, теңаяқты шаяндар және амфиподалар, құрсақаяқты моллюскалар және т.б.) кездеседі. Зоопланктонның алуантүрлілігі 3-4 км-ден бастап кедейленеді,