Название | Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары |
---|---|
Автор произведения | Жомарт Жеңіс |
Жанр | Учебная литература |
Серия | |
Издательство | Учебная литература |
Год выпуска | 2017 |
isbn | 978-601-04-2163-9 |
Жетiсуда Сұқылық, Кенбұлұн қатарлы белдi соғды орталықтары бар едi. Аталмыш қалалардың үйінділерінде V-VIII ғасырлардың мұраларынан Иран тәңiрлерi мен мифологиясы, грек-бұрқан өнер нақыштары бейнеленген көптеген оссуарлар, отқа табыну соғдылардың әр алуан шырағдандары мен Сасани (224-651) шаһтарының мүсiндерi табылған. Аталмыш олжалар Жетісу өлкесінде бірнеше діни нанымның болғанын аңғартады.
Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Орта Азиядан өткенде 630 жылғы жазбаларында Су-Ли-Соғд деп Шу мен Шахрисябз аралығындағы аймақты атады. 728 жылы Орта Азия арқылы өткен қытай тарихшысы Хой Чао өз жазбаларында Кеш, Бұхара, Соғд, Усрушанды, Шашты бiр аймаққа жатқызады. Территориялық, шаруашылық-экономикалық және мәдени-рухани тұрғыда Иранмен iргелес жатқан бұл аймақта ирандық мәдениеттiң ықпалы басым болды. Сондай-ақ Орталық Азияның осы аймағы әлемдегі түрлі діни ағымдар мен философиялық ілімдердің өтетін, тарататын, тұрақтап қалатын аймағы болды. Бұған, біріншіден, аймақтың этникалық тұрғыда алуан түрлілігі себеп болса, екіншіден, қолайлы территориялық орналасуы мен табиғи-климаттық жағдайы да осы жағдайға аса ыңғайлы болды.
Аймақтағы дiни ахуалға қатысты деректер Соғдыда зороастризм, будда, христиан дiндерi мен ата-баба рухына, бұтқа табыну сияқты жергiлiктi нанымдар болғанын, бiртұтас мемлекеттiк дiннiң болмағанын жазады. Бiрақ аймақта анағұрлым кең тарағаны жергiлiктi сенiмдермен шатасқан зороастризмнiң жергiлiктi нұсқасы ықпалды болды. VI-VII ғасырларда соғды халқының негiзгi тiлi шығыс иран тiл тобына жататын соғды тiлi болды. Бұл тiлде тек Соғд, Бұхара, Усрушан мен Шашта ғана емес, Шығыс Түркiстан халқы да сөйледi.
Авестаның өзiнде де Соғд және басқа ортаазиялық аймақтарда зороастризм әулиелерiнiң қалың мекенi екенi жазылған. Ал Иран мен Соғд зороастризмiнде аздаған рәсiмдiк айырмашылық болғанына қарамастан қос аймақ та мәдени, рухани тұрғыда бiртұтас саналды.
Аймақтың түркiлер үшiн ең маңызды ықпалы – оның түркiлермен шекаралас бола отырып, өздерi арқылы түркiлер жерiне басқа аймақтарда қудаланған түрлi дiни ағымдарды дүркiн-дүркiн өткiзiп отыруларымен байланысты. Кушан кезеңiнде Соғдыға будда iлiмi енгенiмен сөз болып отырған кезеңде бұл дiн аймақта аса маңызды рөлге ие болмады. Ал VII ғасырда Соғды аймағында будда дiнi мүлде жойылды. Христиан дiнi де тек халықаралық саудамен айнылысқан саудагерлер арасында тарады. Тек зороастризммен идеялық жақындыққа ие манихей iлiмiнiң тарауы табыстырақ болды.
Тек маңызды сауда жолдарына ғана емес, сондай-ақ бөтен идеологиялық iлiмдердiң «кенiне» айналған бұл аймақтың түркiлер тарапынан толықтай жаулап алынуы аса маңызды едi. Сондықтан да бұрынғы сасанилер иелiгiне түркiлердiң шабуылы жиiледi. Бұл туралы көне түркi жазба ескерткiштерiнде «Iнжу өзенiнен өтiп, Бэнглигяк-Тинейл ұлының ауылындағы тауға өттiк. Бiз жауларды Темiр қапыға дейiн қудық. Бiз оларды керi қайтуға мәжбүрледiк. Сук бастаған барлық Соғды халқы келгенде». Бұл оқиға 711-712 жылдары Тохаристанның Батыс түркi қағанатына бағынғанын