Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс

Читать онлайн.



Скачать книгу

да Тұран деп аталды. Ирантанушы ғалым И. Жеменейдің айтуынша, жазба деректерде (араб-парсы деректерінде) түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір – б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап б.з. VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажырай бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес Одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді.

      Көне парсы діни жазбаларында, деректерінде Тұран мен Иран көрші жатқан, бірақ екі түрлі мәдениетке – отырықшылық пен көшпенді шаруашылыққа ие ел де, ирандықтар мен тұрандықтар бір тамырдан тарайтын, алайда кейін дәстүр алауыздығына орай бір-бірімен бітіспес жауларға айналған халықтар.

      Иран тарихы қазіргі парсылардың арғы ата-бабалары – арийлердің бұл аймаққа б.з.б. 2-мыңжылдықта Орал таулары маңы мен Қазақстан жерінен келіп қоныстанғандығын көрсетеді. Орталық Азиядан ауып барған арийлер б.з.б. 673- 672 жылдары қазіргі Иранның солтүстік-батысында Мидия мемлекетін құрып, б.з.б. 616-605 жылдары Ассирияны талқандап, аса ірі мемлекетке айналды.

      Б.з.б. 550 жылы өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті. Ахемен әулеті мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзенінен батыста Эгей теңізіне дейін, солтүстікте Армениядан оңтүстікте Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар жасайтын атақты ІІ Кир мен І Дарий патшалар да осы Ахемен әулетінен (1-сурет).

      Парсылардың тегіне қатысты көзқарастарды талдай келе осы мәселеге қатысты олардың шығыс-еуропалық, орталық-азиялық және арийлік тегі туралы ұстанымдар бар екендігі белгілі. Иран Ислам Республикасына бірнеше мәрте барып, ирандықтардың әдет-ғұрпы мен мәдениетіне зерттеу жүргізгенімізде олардың мәдениетінің қатпарларынан қазақтардың, өзбектер мен тәжіктердің, тіпті орыстардың мәдениетінің элементтерін кездестірдік. Мысалы, ирандықтарда орыстар сияқты от жағып үстінен (Купала мейрамы) секіретін дәстүрі сақталған. Наурыз мейрамы кезінде жұмыртқаны бояу да орыстардың пасха кезіндегі ұқсас әрекетті еске түсіреді. Қазіргі парсы тілінде орыс тілімен (славян) тамырлас сөздер де көптеп кездеседі.

      Ежелгі қазақ жерін мекендеген сақтардың да біртұтас мәдениет пен шаруашылық типіне ие емес тайпалар екендігін археологиялық ескерткіштер дәлелдеп отыр. Көрнекті ғалым З. Қинаятұлы да сақтардың ең кемі түркі, иран-парсы және еуропалық сияқты үш түрлі мәдениеттің ықпалында болғандығына шүбә келтірмейді.

      Сақ мәдениетін зерттеуші ғалымдар оны Иран (Ахемен және Бактрия) және Қытай мәдениетінің (Чжоу және Хан) әсерімен қалыптасқан деп есептейді. Сақтардың нақты қай тiлде сөйлегенiн ашып айту қиын да даулы мәселе. Ғалымдар олардың басым көпшiлiгi иран тiлдi еді десе-дi. Алайда кейбір солтүстiк сақ тайпаларының түркi тiлдi болуы әбден мүмкiн. Қазiргi қазақ