Название | Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары |
---|---|
Автор произведения | Жомарт Жеңіс |
Жанр | Учебная литература |
Серия | |
Издательство | Учебная литература |
Год выпуска | 2017 |
isbn | 978-601-04-2163-9 |
Зұлымдық пен қайырымдылық арасындағы талас және Ахура мен Ахриман күштерiнiң соғысы жалғасты. Иран тарихи аңыз негiзiнде он екi мыңжылдық әлем өмiрiне дейiн жалғасады. Бұл талас ирандық пiкiрде Ахриман мен оның күштерiнiң Офаринаш (ахуралық) жерiне шабуылы түрiнде көрсетiледi. Сонымен қатар басқа түрде, яғни ирандықтар (ахуралық) және ирандықтар емес (Ахриман) соғысы ретiнде «Шахнаме» мен дiни жазбаларда берiледi. Зороастризм жазбаларында әрқашан шекараларды сақтау мен қорғау қасиеттi саналады және кейде бұл пiкiр аңыз бен дастан түрiнде берiледi. Осындай бiр аңызда ұзақ жылдар бойы Иран мен Тұран жерiн күзеткен сиыр туралы айтылады. Шекараның қасиеттiлiгiне қол сұққан адам не бiр пәлеге душар болады, не өледi. Бұл жазым аңызда сиыр тiлiмен айтылып, сиырдың айтқанындай аяқталады. Осылайша, Иран мәдениетiнде шекара әрдайым қасиеттi, аспандық ұғым. Шекараны күзеткендер Ахура күшiне ие және олардың үнемi қамқорында болады. Өйткенi шекара – жамандық пен жақсылықты ахуралықты ахримандықтан бөлiп көрсетушi. Шекарадан өту жақсылықтан жамандыққа немесе жамандықтан жақсылыққа өтуге себепшi болады.
Пехлевилiк «Минуй хорд» ескерткiшiнде, Саалевидiң «Шахнамасында» (ХI ғасыр) Тұран билеушiсi Афрасиабтың Иранға жорық жасап, бұл елдiң бiр бөлiгiн жаулап алып, Иран патшасы Наузарды өлтiргенiн жазады. Ирандықтар ауру мен жұтқа душар болады. Осы кезде Зоу Иран тағына отырып, соғыстан қалжыраған Афрасиабпен арада бiтiм басталады. Екi ел арасындағы шекараны белгiлеу кезiнде ирандық батыр Араштың садағының оғы жеткен жер шекара болсын деп келiсiледi. Мазендараннан атылған оқ Әмудария жағасына жетiп, осы өзен екi ел арасындағы шекараға айналады.
Келтiрiлген мәлiметтердi талдау Иранның Тұранға қатысты сыртқы саясаты сасанилердiң ресми дiнi зороастризмге байланысты реттелiп отырғандығын байқауға болады. Ирандағы осы дiннiң күшеюi кезiнде екi елдiң арасындағы қарым-қатынастың тұрақты жағдайда болғандығын байқаймыз. II Хосроу кезiнде Иранның агрессиялық жоспарларына кедергi келтiрiп отырған Авеста қайта қаралды. Бұл кiтаптың өз мағынасын жоғалтпаған беттерiн жаңартуға бағытталды. Бiрақ Авестаны қайта қарау мен оның ескiрген мазмұнын жаңалау мүмкiн болмады.
Өкiнiшке орай, мұның соңы Ирандағы зороастризмнiң басқа жатжерлiк идеялар тарапынан шеттетiлуге ұшырағаннан кейiн Тұран мен Иран шекараларының бұзылуы және осының нәтижесiнде екi ел арасындағы ұзаққа созылған соғыстардың етек алуы басталғанын көремiз.
Сасанилiк Иранда билiктiң зороастралық дiни қызметкерлермен одақтасуы христиандарды, гностикалық секта-ағымдарды, еврей қауымын дiни қудалау деген сөз болды. Ал осы дiн өкiлдерi экономикалық жағынан мықты болып, сауда-саттықты өз қолдарына шоғырландырған едi. Екi таңдаудың ортасында қалған соңғы сасанилер Иранға мүдделi барлық дiндерге бiрдей қараса сөзсiз зороастралық басшылардың қарсылығына ұшырайтын едi. Ал бұл кезде осы дiн өкiлдерi