Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн.



Скачать книгу

талаптар болды: Версаль бітімін жою; барлық немістерді біріктіру, орталықтанған, қуатты мемлекет құру; монополиялық бірлестіктерді ұлттандыру; жерді сатуға тыйым салу; сатқындарды, алыпсатарларды және өсімқорларды қатаң жазалау; еңбексіз табысқа тыйым салу; еврейлерді қызметке алмау; еврейлердің Германия азаматтығын алуына жол бермеу; жоғарғы (арийлік) нәсілдің жеңісі үшін күресу. Фашистік партияларға Германияның қаржы алпауыттары үлкен қаржылық көмек көрсетті.

      1919–1920 жылдары Герман үкіметін социал-демократ Густав Бауэр басқарды, ол да жұмысшы табын езу саясатын жалғастырды. 1920 жылғы наурызда реакцияшыл күштер мемлекеттік төңкеріс жасағысы келді. 12-13 наурызда рейхсвер әскерлері Берлинді алып, социал-демократтарды таратып, билік басына кертартпа үкімет келіп, оны ірі жер иеленуші Капп басқарды.

      Төңкеріс туралы естіп, неміс жұмысшылары күреске шықты. Коммунистер, социал-демократтар, «тәуелсіздер», «христиан» жұмысшылары, кәсіподақ мүшелері, еш партияға кірмейтіндер ортақ майдан болып, қарсы тұрды. Елді бірнеше күн дүниеден бөлген көтеріліске 12 млн жұмысшылар мен қызметкерлер қатысты. Жергілікті жерлерде революциялық әскер бөлімшелері құрылды. 1920 жылы Берлиндегі коммунистердің біріккен съезінде Герман Біріккен коммунистік партиясын құру туралы шешім қабылдады. Компартия құрамына 300 мың адам мүше болды.

      1920 жылы шетелдік несиенің көмегімен өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайтты. Бірақ Германия жұмысшыларының жағдайы қиын күйде болды. Кең қолданыстағы азық-түлікке баға өсіп, салық көбейтілді, жұмысшылар жұмыссыз қала берді. Жұмысшылардың мүддесін қорғау күресінде коммунистер барлық жұмысшы табының біріккен қимылдар жасауына қолдары жетті. Германия Компартиясы бірыңғай жұмысшы майданын құрды. 1921 жылы көктемде Германияда таптық күрес қайта күшейді.

      Германия репарация төлемдерін төлеулерін 1921 жылы бастады. Бұл бірден оның қаржылық жағдайын күрт төмендетті. Германия Антанта мемлекеттерінен төлемді азайтуды өтініп, оған несие ақша беруді ұсынғанымен, жағымды жауап ала алмады. Осы кезде Вирт үкіметі Кеңестік Ресеймен экономикалық және саяси қатынастарды қалыптастыруға кірісті, осы Кеңестік-германдық байланыстың көмегі арқылы елдің қаржылық және экономикалық жағдайын жақсартпақшы болды. Нәтижесінде 1922 жылы сәуірде герман-кеңестік Рапалло келісіміне қол қойылды. Германияда төлемақы төлеу жөнінде күшті қарама-қайшылықтар басталды. Бірақ Германияның Сыртқы істер министрі Версаль келісімін орындау керектігін ескертті.

      Германияның экономикалық қиыншылықтарға байланысты төлемақыны уақытында төлей алмауы 1923 жылдың 11 қаңтарында Франция мен Бельгияның Рур бассейіне және Рейн өңіріне өз әскерлерін енгізуіне әкелді. Бұл Веймар республикасының жағдайын қиындатып жіберді. Инфляцияның тез өсуі жұмысшылардың жалақысын құнсыздандырып отырды. Он мыңдаған жұмысшылар жұмыссыз қалуы, жартыкүндік жұмыс қана болуы, жұмыссыздардың бүліктері мен шерулерінің басталуына түрткі болды. ГКП