Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн.



Скачать книгу

басқа елдерге де қауіп төндіретініне қарамастан, батыс мемлекеттерінің үкіметі фашистік үкіметтің саясатын барынша қолдады. Тағы да Англияның алдағы саясаты дұрыс бағытталмауы ағылшын-германдық теңіз келісімін жасауы болды. Келісім бойынша 35 пайыз көлемінде суүсті флотын, 45 пайыз суасты флотын ұстауға рұқсат алды. 1936 жылы наурызда Германия Рейн кепілдік пактісін жойып, Версаль бітімшартын және 1925 жылы қабылданған Локарно келісімін бұзып, оның әскерін деммилитаризацияланған өңіріне кіргізеді. 1931 жылы сәуірде Испания мемлекет болып жарияланғаннан кейін, Германия мен Италия Испания Республикасына қарсы қаруланған басқыншылығын бастайды. Батыс державалардың көмегін пайдалана отырып, яғни олардың қару және соғыс заттарын жеткізіп тұруының нәтижесінде Герман және Итальян фашистері ішкі реакция күшімен Испан халқын жеңіп, фашистік франко тәртібін орнатты. Испанияда реакциондық тәртіп орната отырып, олар Францияға қарсы жаңа топ құрмақшы болды. 1936 жылғы 25 қазандағы «Берлин-Рим белдеуі» келісіміне қол қою Герман фашистік үкіметінің соғысқа дайындығының негізгі кезеңі болды. «Берлин-Рим белдеуі» келісімінің жалғасы болып, 1936 жылдың 25 қарашасында қабылданған Германия мен Жапония арасындағы антикоминтеріндік пакт болды. Батыс державалар фашистік Германияны КСРО-ға айдап салып, өз бастарына төнген қауіпті елеместен пактіні қолдады.

      Гитлердің басты міндеті – қауіп тудыру, қорқыту жолдары арқылы Версаль бітімшартын қайта қарауды талап ету. Сол мақсаттағы келесі қадамы Австрия бағыты еді. Гитлерлік басқыншылықтың алғашқы құрбаны Австрия болды. Гитлер 1936 жылы шілде айында Австриямен келісімшарт жасасты.Бұл келісім бойынша, Австрия қағаз жүзінде ғана дербес мемлекет болғанымен, негізінде Германияның бір бөлігі деп қарастырылды. 1938 жылы 11 наурызда Гитлер Австрияны жаулап алу туралы нұсқауға қол қойса, 12 наурызда Германия Австрияны өзіне қосып алды. Австрия жері 7 өңірге бөлініп, Германияның «шығыс марка жері» деп аталды.

      1938 жылдан бастап Германия өз әскерлерін Чехословакия шекараларына жақындатты. 1938 жылдың күзінде Италия, Англия және Францияның қолдауымен Мюнхен келісімінің негізінде Германия өзіне Чехословакияның Судет өңірін қосып алды. 1938 жылғы 20 қарашадағы ақтық шарт бойынша Чехословакия Германияға 2,8 миллион судеттік неміс және 800 мың чех тұратын 11 мың мильдік аумақты беруге тиіс болды. Бұл аумақта сол кездегі Еуропадағы ең қуатты қорғаныс шептерінің бірі – маңызды чехтік бекіністер орналасқан еді. Сондай-ақ Чехословакияның теміржол және тас төселген жолдар торабы, телефондық байланыс жүйесі үзілді. Неміс мәліметтерін негізге алсақ, Чехословакия осы аумағына тиесілі көмір өндірудің 60 пайызын химиялық өнеркәсіптің 86 пайызын, цемент өндірудің 80 пайызын, шойын мен болат өндірудің 70 пайызын, электр қуатын өндірудің 70 пайызын және ағаш өңдеу өнеркәсібінің 40 пайызын жоғалтқан. Чехословакияны енді мемлекет ретінде жоқ десе де болады. 1939 жылдың 15 наурыз күні германдық әскер Чехословакияны толығымен жаулап алды. Ұлы державалар бұ�