Название | Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945) |
---|---|
Автор произведения | Амангелді Әліпбаев |
Жанр | Зарубежная образовательная литература |
Серия | |
Издательство | Зарубежная образовательная литература |
Год выпуска | 2015 |
isbn | 9965-30-475-0 |
1939 жылдың 21 наурызында ағылшын-француз-кеңестік келіссөздер жүргізілді. Кеңестер Одағы басқыншылыққа қарсы үшжақты өзара көмек көрсету келісімінің жобасын ұсынғанымен, нәтижесінде тараптар ешқандай келісімге келе алмады.
Германия еуропалық саяси жағдайды өз мүддесіне шешу мақсатында 1939 жылдың 23 тамызында Кеңестер Одағымен өзара шабуыл жасаспау пактісіне қол қояды. Бұл пакті Германия мен Кеңестер Одағының Польшаны екіге бөлісу мақсатындағы соғыс қимылдарымен жалғасты.
Германияның 1939 жылғы 1 қыркүйектегі Польша мемлекетіне қарсы басталған басқыншылық іс-әрекеті екінші дүниежүзілік соғыстың басталғандығының белгісі болды.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Генуэде «орыс мәселесі» қалай шешілді?
2. Түркия мен Антанта елдері арасындағы бітімшарт нақтылы қай халықаралық мәслихатта, қалай аяқталғанын сипаттаңыз.
3. Германияның жеңімпаз елдерге төлемақы төлеу мәселесі қалай шешілді?
4. Локарно халықаралық мәслихаты қандай мәселе бойынша шақырылды және қандай шешім қабылдады?
5. Рур мәселесі мен Дауэс жоспарының байланысы қандай?
2-тарау
1918–1945 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ГЕРМАНИЯ
2.1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германиядағы саяси-әлеуметтік жағдай және Веймар Республикасының құрылуы
XX ғасырдың басында Германияның кайзері ІІ Вильгельм герман тарихындағы өз рөлін тым асыра бағалап, әлемдік үстемдікке ұмтылды. Германияның сыртқы саясаты саласындағы бірқатар стратегиялық қателіктер елдің екі майданда соғысуына әкеліп, ең соңында жеңіліспен аяқталуына соқтырды. Басты жіберілген қателік Ресеймен жасалған құпия келісімшартты ұзартпауы, бұл герман-ресей одақтастық қатынастардың үзілуіне әкелді. Неміс саясаткерлерінің пікірінше, герман-ресей келісімшарты герман-австрия келісіміне қарама-қайшы келетіндіктен, Германияны француздық басқыншылықтан қорғай алмайды деп есептеді. Германияның Ресейден алшақтауы орыс-француздық жақындасуға мүмкіндік туғызып, Антантаның құрылуына әкелді. Еуропада екі әскери-саяси топ құрылды: бір жағында Антанта, екінші жағында герман-австриялық-венгерлік одақ. Сол ретте, ІІ Вильгельм тұсында О.фон Бисмарк ұзақ уақыт бойы жанталасып құрған барлық тепе-теңдік жүйесі, бүкіл еуропалық одақтар жүйесі қирады.
Жалпы, Германияның жағрапиялық орналасуына көңіл бөлетін болсақ, неміс жерін жан-жақты қорғауда табиғи тосқауылдар өзіндік рөл атқарып келді. Сонымен қатар табиғи байлықтар қашанда көршілес мемлекеттерді қызықтырып, өзіне тартып та келді. Германияның батыс аймағындағы жер қойнауының байлығын айтпағанда, сол батыстағы Рейн өзенінің өзі солтүстік пен оңтүстікті жалғастырып жатқан елдегі ең ірі жолкөлік ағымы. Оңтүстік батысындағы Шварцвальд қалың орманы, Франция мен Германия мемлекетінің шектескен аймағындағы