Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн.



Скачать книгу

және Румынияға өткен болатын. Болгар әскер саны 20 мың адаммен шектелді.

      1920 жылдың 4 маусымында Версальда Венгриямен Трианон бітімшартына қол қойылды. Ол бойынша Югославияға – Хорватия, Бачка, Банатаның батыс бөлігі берілді, Румынияға – Трансильвания және Банатаның шығыс бөлігі, Чехословакияға – Словакия және Закарпаттық Украина берілді. Венгрия әскерінің саны 35 мың адаммен шектеле отырып, Германияның барлық одақтастары сияқты Венгрия да жеңуші мемлекеттерге төлемақы төледі.

      1920 жылдың 10 тамызында жеңімпаз мемлекеттер Түркиямен Севр келісімін бекітті. Түркия өз иелігінің (Палестина, Трансиордания, Ирак, Сирия, Ливан, және басқа аумақтары) 80 пайызынан айырылуға тиіс болды. Қара теңіздік бұғаздарда Антанта елдерінің (әсіресе, Англияның) халықаралық бақылауы орнатылуы белгіленді. Бұғаздар қарусыздандырылуға, ал барлық қаратеңіздік емес елдер ешқандай тосқауылсыз одан өз әскери кемелерін өткізу құқына ие болды.

      Сондай-ақ Париж мәслихатында халықаралық үкіметаралық ұйым – Ұлттар Лигасы құрылған болатын. Оның Жарғысына бейбіт келісімдер мәтіні енгізіліп, оның құрылтайшысы Германияға қарсы соғысқан елдер, сондай-ақ қайта құрылған Польша, Хиджаз, Чехословакия болды. Ұлттар Лигасын құру жөніндегі Жарғыға 44 ел қол қойды, оның ішінде 31 мемлекет Антанта жағында соғысқа қатысқандар немесе оған қосылғандар. Ұлттар Лигасын құрушы мемлекеттердің мақсаттары халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік ету, шын мәнінде, Ұлттар Лигасы халықаралық қатынастардағы версальдік жүйені қолдауға шақырды.

      Ұлттар Лигасының Негізгі басқару құрылымдары Ұйымның барлық мүше ел өкілдерінің Жиналысы (Ассамблея) мен төрт тұрақты мүшеден (Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония) және жыл сайын ауысатын төрт уақытша мүшеден тұратын Ұлттар Лигасының Кеңесі, сондай-ақ бас хатшы жетекшілік еткен тұрақты Хатшылық болып табылды.

      Нақтылы іс жүзінде әр қуатты ел өз мүддесін көздей келе бейбітсүйгіштік қағидаларды бүркемелей отырып, соғыс аяқталғаннан кейін өздері құрған әлемдік тәртіпті сақтауға аса тырыспады. Ыңғайы келген сәтте басқыншылық саясат жүргізуден де тартынбады. АҚШ Ұлттар Лигасында басты ықпалға ие болатынына үміттеніп келгендерімен, Франция мен Англияның басым түсуіне байланысты көздеген мақсаттары жүзеге аспады. Соның негізінде АҚШ сенаты Версаль бейбіт бітімшартын бекітуден бас тартты. 1921 жылдың тамызында Уоррен Гардинг үкіметі Германиямен жеке-дара бейбіт бітімшартына келді, бұл келісім Версаль келісімін толығымен қайталады, тек Ұлттар Лигасы туралы баптары ғана болған жоқ.

      Жалпы, осы Версаль бітімшартын ағылшынның саяси қайраткері, дипломаты Г.Никольсон тым қатал келісім деп тауып, Еуропаның басына төнген соры деп есептеді. Шын мәнінде, бұлай айтудың басты себебі бұл келісімшарт жеңімпаз мемлекеттер мен жеңілген мемлекеттердің жалпы бір мәмілеге әкелетіндей шешім қабылдамауында, яғни келешек тартыс-талас туғызатын шешімді жеңілген мемлекетке