Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова

Читать онлайн.
Название Орта ғасырлар тарихы
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Серия
Издательство Зарубежная образовательная литература
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4



Скачать книгу

гөрі ерліктерімен және жолы болғыштығымен даңқы шыққан әскери көсемдердің ықпалы тайпа ішінде жоғары болды. Жорық сәтті аяқталса, көсем қолға түскен байлықтан үлесті көп алды. Жолы болғыш көсемнің төңірегіне қызу қанды, ерлікті аңсаған жастар көп жиналды. Қалыптасқан дәстүрден тыс көсем өз үлесінен оларға мол сыйлықтар беріп отырды. Оның қарымы ретінде жауынгерлер көсемге шын беріліп, қиын сәттерде ол үшін өмірін қиюға дайын болатын. Көсемге шын берілген жасақ осылай пайда болды. Жасақшылар шаруашылықпен айналысқаннан гөрі соғыста баюды, шайқаста ерлікпен өлуді қалады.

      Альпінің солтүстігінде үш ірі тайпа – кельттер, германдар, славяндар өмір сүріп жатты. Бұл тайпалардың тілі үнді-еуропалық тіл тобына жатты. Кельттер Еуропаға германдықтардан да бұрын келді. Олар бүкіл Еуропаны Атлантикадан Балқан түбегіне дейін жайлаған. Кельттердің ұрпақтарын қазір Ирландиядан, Шотландиядан, Уэльстен және Францияның ең батысындағы Бретаннан кездестіруге болады.

      Римдіктер кельттердің галл тайпасын өзгелерден бұрын білді. Өйткені галлдар бүкіл Римді жаулап алған болатын. Бұдан көп уақыт өткеннен кейін римдіктер Солтүстік Италия мен қазіргі Франция жатқан галлдардың жерін жаулап алды. Галлдар римдіктердің тілі мен әдет-ғұрыптарын тез қабылдады да, кейіннен оларды бір-бірінен айыру қиындап кетті.

      Галлияның батысында Рейннің арғы бетінде біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын солтүстіктен келген саны көп герман тайпалары орналасқан болатын. Олардың ежелгі Отаны Балтық теңізінің солтүстік және оңтүстік жағалауы, Балтық аралы мен Скандинав және Ютланд түбектері еді. Шамамен бұдан үш мың жыл бұрын ол жақта ауа райының қатты өзгеруінен күн бұрынғыдан да суытып, толассыз жауын мен су тасқыны жиілеген болуы керек. Сондықтан да германдар жылы жаққа, оңтүстікке қарай біртіндеп жылжи берген. Біздің дәуіріміздің басында германдар Рейн, Одер, Дунай өзендерінің аралығындағы кеңістікті жайлап үлгерген. Олардың ішінде ең алысқа кеткен гот тайпасы болды. Балтық жағалауынан олар Азов және Қара теңіз төңірегіндегі далаларға келіп тоқтады. Мұнда олар көне замандағы скифтердің ұрпақтарын бағындырды. Готтарға шығыс славяндардың ата-бабалары да тізе бүкті.

      Тациттің дәлелдеуіне қарағанда германдықтар өте көп халық болған. Жекеленген герман тайпаларының саны туралы деректерді Цезарьдан да алуға болады. Ол Рейннің сол жағалауында пайда болған узипеттер мен тенктер санын, әйелдерімен балаларын қоса есептегенде 180 мың адам дейді. Демек, жекеленген герман халықтарының орташа саны осынша болса, германдықтардың жалпы саны ол кезде 5 млн-ға жуық болған.

      Карпатты бойлай Дунайдың дәл сағасына дейінгі жерлерді готтардан тараған герман тайпалары – бастарндардың, певкиндердің көптігі сонша, Плиний оларды германдықтардың бесінші негізгі тобы деп есептейді.

      Скандза – готтардың шыққан жері. Бұл аралдардан Иорданның анықтауы бойынша, герман тайпаларының көп бөлігі шыққан. Скандза