1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова

Читать онлайн.
Название 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Автор произведения К. А. Саркенова
Жанр История
Серия
Издательство История
Год выпуска 2011
isbn 9965-29-641-3



Скачать книгу

басқармасының мәліметтері бойынша, Қазақстанның халқы 1930 – 1936 жылдары (әр жылдың 1 маусымына сәйкес) төмендегіше сипатталды: 1930 жылы – 5 873,0 адам,

      1931 жылы – 5 114,0 адам, 1932 жылы – 3 227,0 адам, 1933 жылы – 2 493,5 адам, 1934 жылы – 2 681,5 адам, 1935 жылы – 2 926,0 адам, 1936 жылы – 3 287,9 адам. 1928 жылдан халық саны төмендей берген: егер 1928 жылы Қазақстан халқы 6 507 077 адам болса, 1936 жылы – 3 287,9 адамды ғана құрады. Халықтың ең кему шыңы – 1932 – 1934 жылдар аралығы. Себебін Халық шаруашылығы есебі Орталық басқармасының Халық және Денсаулық сақтау ісі бөлімінің бастығы Курманның 1937 жылдың 14 наурызында Кравальге жазған баян хатынан көруге болады:

      «КСРО Мемлекеттік жоспары Халық шаруашылығы есебі Орталық басқармасының бастығы – И.А.Краваль жолдасқа екі санақ аралығындағы (17.12.26. және 06.01.37.) халықтың табиғи қозғаласы туралы

      Баянхат

      1926 жылдың санақ деректері бойынша КСРО халқы 147 млн. адам; 1937 жылдың санағы бойынша – 162 млн. адамды құрады, яғни КСРО халқы екі санақ аралығында 15 млн. – ға өсті.

      Туу мен өлім-жетімді тіркеу мәліметтері бойынша халықтың өсу қарқыны 21,3 млн. адамды құрады немесе 6,3 млн. – ға артық… әрине, егер он жылғы (соңғы жылдары өлім азайды десек) өлім-жетімді 40 млн. – ға баласақ (1934 және 1936 жылдары шамамен 8 млн.), онда 7 жылда өлім-жетім 3,2 млн. – ды құрайды, немесе жылына орташа 4,5 млн. – нан, яғни шамамен жылына 1 000 адамға 30 адамнан келеді. Өлімнің бұндай коэффициенті КСРО жағдайында мүмкін емес, себебі ол еуропалық елдердегі өлімнен екі есе жоғары және Ресей империясы кезіндегі өлім-жетім көрсеткішімен сәйкес келіп отыр. Бұл сәйкессіздікті халықтың табиғи қозғалысынан ғана емес, сонымен қатар басқа деректерден де іздеу керек.

      1. Оған, біріншіден, осы аралықта халықтың кейбір бөлігінің КСРО-дан шет жерге кетуі жатады. Қазақстан Халық шаруашылығы есебі басқармасының хабарынша (1.1.1927 – 1.1.1937 жылдар аралығындағы ҚазКСР халқы санын есептеу туралы түсіндірме жазбадан) КСРО-дан шетке кеткен адамның саны (қайтып келгендерді есептегенде) 1930 – 1932 жылдары 1,3 млн. адамды құрайды. Қазақстаннан КСРО аймағынан шетке кеткендері 1933 жылы да байқалды, бұл құбылыс КСРО-ның басқа аумақтарына да тән (Түрікмен, Тәжік республикаларында). Қайтып келгендерді қосқанда, осы кезеңдегі КСРО-дан тысқары кеткендер, шамамен 2 млн. адам. КСРО бойынша Түрікмен, Қырғыз, Өзбек республикалары халқының санында орташадан жоғары өсу қарқыны бар, яғни КСРО-ның басқа аудандарынан осы аудандардағы жаңа құрылыстарға мигранттар ағылған.

      2. Алшақтықтың екінші себебін 1926 жылдың халық санағынан іздеу керек…

      Халық және Денсаулық сақтау бөлімі бастығының орынбасары Курман»148.

      Бұл өте ауыр кезең, яғни жаңа экономикалық саясатқа, қала мен селодағы ауқатты адамдарға теріс қараушылық, ауылшаруашылық тауарлылығының төмендеп, шаруашылықтардың ірілендірудің басы болды. Ұжымдастырудың басталуымен жағдай одан әрі қиындады. Жаңа экономикалық саясаттың орнына азық-түлік салығы келді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт саласында еңбек өнімділігі азайды. Өкіметке қарсы наразылық белең



<p>148</p>

Социс. 1990. № 6. – С. 22-23.