Название | Шежірем сыр шертсе |
---|---|
Автор произведения | Тажис Мынжасар |
Жанр | История |
Серия | |
Издательство | История |
Год выпуска | 2015 |
isbn |
Сонымен Әбілқайыр хан қаза тауып, Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан соң, қазақты бір жағы жоңғар, бір жағы орыс – екі оттың арасынан оның елдігі мен мемлекеттігін аман сақтап алып шығуға бар ақыл-айласын салып, көп әрекеттеніп, тырысқандардың ішінде Абылайдан өткен өзге сұңғыла хан болмады. Азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болып саналатын ол 15 жасында Әбілқайыр ханның жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресінде жауға атасының атымен "Абылайлап" атойлап шапқан жанкешті ерлігі үшін жұрт арасында Абылай аталып кеткен еді. Қазақ хандығы сол кездері, құдайға шүкір, тап осы дарынды, саясаткер, ақылды ханның білгір қимылдарының арқасында мемлекеттігін жоғалтып, ыдырап кетпей, тағы бір зобалаң күйреуден аман қалды. Әйткенмен мұндай қауіп-қатер қазақ хандығының басынан оның ақырына дейін бір сейілмей қойды.
Бұлай дейтін себебіміз, 1756–58 жылдары Цин империясының манчжур-қытайлары 90 мыңға жетерлік үлкен әскер шығарып, өздеріне шабуылдап қоймай жүрген жоңғарларды түптұқиянына дейін түк қалдырмай, біржолата қырып салып, қазақ шекарарасына жақын келіп қоныстана бастағанда да Абылайға осы орыс аюы мен қытай айдаһарының арасында жан сақтап қалу үшін тағы да не бір дипломатиялық айла-әрекеттерге барып, жанкешті саясат жүргізуге тура келді. Екі бірдей күшті жауға қарсы күресте ол Ресей патшалығына арқа сүйеп, онымен одақтас болды, ал одан ызғар көргенде Қытай жағына қарай ақырын ойысып отырды. Сөйтіп жоңғарлардың кебін киіп қырылып, елдігі мен мемлекеттігінен айрылып, тарих аренасынан біржолата жоғалып кетпеуі үшін көп әрекет етті.
Абылайдың бұл іспеттес өзге тірліктерін түгел тізіп айтып жатпасақ та билік пен мемлекетаралық қарым-қатынас үшін үзілмей жүріп жатқан осындай қым-қуат, жан беріп, жан алысқан, қызу саяси істер барысында оның өз жұртының экономикалық хал-ақуалы мен тұрмыс жағдайын да қолдан шығарып, ұмыт қалдырып алмағанын айта кету керек секілді.
Ел бірлігін ұстап, мемлекет қуаты мен оның қорғаныс күшін сақтап қалу үшін көрші елдермен сауда-саттық қатынастарын үзбей жүргізіп, дамыта беру аса маңызды іс екенін жақсы түсінген ол көршілес елдермен түрлі сауда-саттық келісім-шарттарын жасап, жаңа керуен жолдарын ашты. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, саудагерлерге біраз жеңілдіктер беруге барынша тырысты. Бәрін бірдей тәппіштеп айта бермесек те солардың бірі ел солай атап кеткен әйгілі "Абылай жолы" еді.
Бұл турасында бізге Қазақ Совет энциклопедиясы: "18 ғасырдың орта шенінде Абылай хан белгілеген сауда-керуен жолы. Қазіргі Семей обл., Абай ауд-ның батысынан басталады. Шыңғыс тауын бөктерлеп, Ертіс өзенінің сол жағын бойлай, шығысқа қарай созылып жатқан бұл жолды халық "Хан жолы" деп атайды. Ел аузында оның "Шаңды жол" деген де аты бар",-деп баяндап береді (Алматы. 1972 ж. 1 т.